» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қожа қандай бала? (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қожа қандай бала? (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қожа қандай бала? (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім ) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қожа қандай бала? (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім ) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі
Сабақтың тақырыбы:Қожа қандай бала?
Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты:Интербелсенді тәсілдер арқылы оқушының дұрыс сөйлеуін дағдыландыру
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары ТБ2. Сөйлем
Сабақтың мақсаттары:Барлық оқушылар орындай алады:
Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі, қолдана алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің ауызша жұмыстарда қолдана алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі, жазба, ауызша жұмыстарда қолдана алады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
Фигураларға қарай топқа бөлу, төртбұрыштың астында Қожаның, үшбұрыштың астында Жантастың фотосы бар.
- Балалар, жауапкершілік дегенді қалай түсінесіздер?
- Қожаның бойында жауапкершілік бар ма, дәлел келтіріңізші?
Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру;
Білу, түсіну
Ой қозғау
1.Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем айтылу сазы мен мазмұнына қарай қалай бөлінеді?
3. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5. Лепті сөйлем дегеніміз не?
6. Бұйрықты сөйлемдер дегеніміз не?
Қолдану
ТЖ.
Оқушылар берілген мәтінмен танысады. Мәтін мүлдем тыныс белгісіз болады.Тапсырма:
- Топ ішінде мәтінге тыныс белгісін қойып шығыңыздар.
- Аталған тыныс белгілерді не үшін қойғандарыңызды түсіндіріңіздер.
1-топқа
- Мама! Сен жылап жатырмысың?
- Маматай қойшы! Ең соңғы рет кешірші! Ант етемін! — деп Қожа мамасының тізесін құшақтай жығылған қалпында жылап жібереді.
2-топқа
-Сәлем еңбек еріне!- деді. «Қазақстан пионеріне» суретім басылғалы бері мені өстіп тәлкек етуді шығарған. –Қасың бос па, Қара көже.
Кекесін дауыспен:
-Саған сақтап отырмын, - дедім.
1-топқа
- Бұл кім?
- Мен ғой, ата. Мен Қожамын.
- Мұнда неғып отырсың?
- Педсоветке келдім.
- Онда сенің не шаруаң бар?
- Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
- Сені мұғалім етеміз дей ме?
- Директор етеміз дейді.
2-топқа
-Қара көже, мынаның не екенін білесің бе?- дейді Жантас.
-Ол не?
-Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал, сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
-Оны саған кім берді?- деді Қожа.
- Кім беруші еді. Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде.
Түрткі сұрақ
- Қожа қандай бала?
- Жантас қандай оқушы
Жинақтау, талдау
ЖЖ.
«Теріп алу» стратегиясы (оқушы берілген мінездеменің қай кейіпкерге тура келетінін теріп жазу керек).
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз
Бағалау
Автор орындығы (топтан бір оқушы шығады, автор орындығына отырып, берілген тақырып бойынша монолог айтады.)
1.Есімім жайлы пікірім
2.Әкем туралы ойым
Диалог-екі немесе бірнеше адамдардың сөйлесуі, ал монолог бір адамның өзіне-өзі немесе тыңдаушыларға арнап сөйлеуі.
Бағалау. «Бағдаршам»
Қызыл- түсінген жоқпын
Сары- әлі де сұрағым бар
Жасыл- барлығы түсінікті.....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 171 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...
Читайте также
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Денсаулықтан асқан байлық жоқ (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Денсаулықтан асқан байлық жоқ (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қар барысы – сұлу аң (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қар барысы – сұлу аң (5 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі (пысықтау сабағы) (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» повесі (пысықтау сабағы) (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектеп өмірі Әдепті бала - арлы бала (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мектеп өмірі Әдепті бала - арлы бала (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күні туралы әңгімені жазу №2 (2 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күні туралы әңгімені жазу №2 (2 сынып, IV тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Шалқан» ертегісін мазмұндау (2-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Шалқан» ертегісін мазмұндау (2-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Киім түрлері (1 сынып, 1 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Киім түрлері (1 сынып, 1 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Әдептілік – әдемілік белгісі (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әдептілік – әдемілік белгісі (5 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)