Демалыс күндері туралы оқу (3-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

 Демалыс күндері туралы оқу (3-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы:Демалыс күндері туралы оқу (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың / сөйлемдердің мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын мұғалімнің қолдауымен түсінеді.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын толықтай түсінеді.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.
• бүгін нешесі?
• бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
• ауа райы қандай?
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ұ) «Сөз сыры». Оқушылар берілген сөздерді оқып, мәтін мазмұнын болжайды, жаңа сөздердің мағынасын ашады.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
• жазғы демалыс
• жағажай
• қажетті заттар
• құм
• шомылу
• күнге күю
• бір апта
• қызықты
(Ж) «Оқы, біл». Оқушылар берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, жұпта бір-біріне мазмұндайды.
Жаз келді. Аружан жазғы демалысқа шықты. Ол отбасымен теңіз жағасына барды. Ол керекті заттар – жүзу киімін, сүлгі, шелек, күрек, доп алды. Аружан інісімен жағажайда доп ойнады, күнге күйді, теңізде шомылды. Содан соң құмнан әдемі үй жасады. Олар теңіз жағасында бір апта демалды. Демалыс өте қызықты болды.
Аружан қайда демалды?
Аружан қандай қажетті заттар алды?
Аружан інісімен жағадайда не істеді?
Демалыс қалай өтті?
Дескриптор:
• мәтін бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың оқылым, айтылым дағдысын дамыту.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 733



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі