Демалыс күндері туралы оқу №1 (2 сынып, IV тоқсан )

 Демалыс күндері туралы оқу №1 (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Cаяхат»
Сабақ тақырыбы:Демалыс күндері туралы оқу №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту.
(Ұ) Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
Саяхат дегеніміз не? Саяхатта адамдар не істейді? Саяхат жасау үшін қайда барады?
Оқушылардың сұраққа жауаптарын тыңдау.
Сабақтың тақырыбы: Демалыс күндері туралы оқу №1
Сабақтың мақсаты:
• Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
(Ұ) Оқушылар саяхат, билет, қауіпсіздік, карта, күнделік деген сөздермен сөйлем құрай алу керек. Кімде кім оқылған сөзге сөйлем құрай алса, карточкаларын сақтап қала алады. Карточканы көп жинаған ойыншы жеңеді.
(Ұ) Сөздік жұмысын жүргізу.
мұражай, мұз айдыны, көрме, аялдама, сауда үйі, орналасу, алдында, жанында, ортасында, ішінде.

(Ж) Оқулықтағы суретпен жұмыс. (60 бет.)
Ойымызбен бөлісейік.
Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қандай ғимараттар бар?
2. Бұл ғимараттар не үшін қажет?
3. Алдында, жанында, ортасында, ішінде көмекші сөздерін пайдаланып, ғимараттардың орналасуын айтып көр.
Презентациядағы сурет бойынша ауызша сөйлем құрастыру.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
(Ұ) Мәтінді мұқият оқу.
Театр
Театр – ғажап орын. Театрға адамдар көп барады.
Олар әдемі киім киеді. Өз орындарына отырады. Сахнада әртістер ойнайды. Көрермендер қойылым барысында бір-бірімен сөйлеспейді. Театрда қызық пьесалар қойылады.
(Ө) Әр оқушы жеке бір сұрақ құрастырады. Құрастырған сұрақтар топ арасында талқыланады.
Ең үздік сұрақтарды сынып оқушыларына қояды.
Сабақты қорыту.
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ауа райын сипаттау мәтінін жазады.
қабылдау деңгейі орташа оқушылар ауа райы туралы бір-екі жай сөйлем жазады.
Үйге тапсырма: Алдында, жанында, ортасында, ішінде көмекші сөздермен сөйлем құрастыру. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 904



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!