Қыс мезгілі туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

 Қыс мезгілі туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат және қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы:Қыс мезгілі туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.1.1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді
Көбі: өлеңнің мазмұнын түсінеді, түсінгені бойынша сурет салады, суретін өз сөзімен түсіндіреді
Кейбірі: өз өлеңін құрастырады.
Сабақ барысы:Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды,
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды,
Кейде ұлып, кейде ысқырып
Ұтқып боран соғады.
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады?
Оқушыларға жауабын шештіру ақылы сабақтың тақырыбына шығу
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
Қарапайым сөз орамдарын түсінемін.
(Ұ, Қ) «Бинго» ойыны
Күз мезгіліне қатысты сөз тіркестерін қайталау
Ойынның шарты бойынша тігінен немесе көлденеңінен үш сөз сәйкес келсе, жеңімпаз болады.
сарғайған жапырақ мол өнім астық жинау
шалшық су алтын күз мая шөп
Осы сөздермен бір-бір сөйлем құрау.
(МК) Жаңа сөздерді меңгерту
қарлы боран бұршақ жауады қырау тұрады
тайғақ болады қар көшкіні қалың қар
Аққала жасау шанамен сырғанау шаңғы тебу
Қар лақтыру жаңа жыл мерекесі көңілді мезгіл
Ұ) Жаңа сөздермен бірнеше сөйлем құрау
(Т) Бірінші топ қыс мезгілінің ұнайтын жақтарын жазады, ал екінші топ ұнамайтын жақтарын жазады және себебін түсіндіреді.
Топтар бір-бірін бағалайды, қажетінше толықтырады.
Сергіту сәті
Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі - берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.
(Ө) Компьютерде тапсырма орындау
(Ұ) Бірлесіп оқу. Қимылды білдіретін сөздерді анықтап, сұрақ қою.
Қыс келді.Түн ұзара бастады. Қар қалың жауды. Қатты аяздар басталды. Өзен суы мұз болып қатты. Балалар далада қармен ойнады. Қардан аққала жасады. Бір топ бала аулада қар лақтырысып ойнап жүр. Бәрі жылы киім киген. Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.
(Ө, Қ) Қыс мезгілі туралы өлеңдер оқу
Төрт шумақ өлеңнің бір шумағын таңдап, сол өлеңнің мазмұнына сәйкес сурет салу және өз сөзімен түсіндіру
Қыс мезгілі көңілді,
Аспаннан ақ қар төгілді.
Шанамен біз ойнаймыз,
Шаңғы теуіп сырлаймыз.
алада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып - жылтыр боп жатады.
Қар жауғанда топ бала,
Соқты қардан аққала.
Мұрны сәбіз, үп - үшкір,
Көзі көмір, қап - қара.
Ауыл сырты - биік жар,
Бізді күтіп, тұр қарап.
Биік жарға шығып - ап,
Жөнелеміз, сырғанап.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 251



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі