Ертегілер оқу -3 (2 сынып, III тоқсан )

 Ертегілер оқу -3 (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер оқу -3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.3.1 Тыңдалған/ қойылған материал не туралы екенін анықтай отырып, мазмұнын түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды)
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға нақты жауап береді
Көбі: оқиғалардың ретін түсінеді, кейіпкерлердің әрекетіне баға береді, заттың атын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді таба алады
Кейбірі: ертегінің идеясын анықтайды.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Тыңдаған /оқыған ертегінің мазмұнын түсінемін.
(МК, Ұ) Мультфильм көру. Алдар көсе. Ерекше тауық.
Мультфильмді тоқтатып, жаңа сөздерді меңгерту.
(Жаңа сөздер тақтада жазулы тұрады, сөздік дәптерлеріне жазып алады)
Мультфильмнің мазмұны бойынша сұрақтар қою:
 Бір күні Алдар көсе қайда барады?
 Ол базарда кімді көреді?
 Әже не сатып тұрды?
 Алдар көсе әжейге не айтты?
 Алдар тауықты қалай бес қойға айырбастады?
 Соңында не болды?
 Сенің ойыңша, Алдар көсе дұрыс істеді ме? Неге?
 Әжей қандай адам?
 Мультфильм сендерге ұнады ма? Неліктен?
(Ж, Қ) Оқиғаларды ретімен қойып, бір сурет бойынша әңгімелеп айтып береді.
Сергіту сәті
Үй жануарының атын атағанда, орнынан тұрады.
Үй құстарының атын атағанда, орындарынан тұрмайды.
(Ө, Қ) Мәтінді түсініп оқы
Бір күні Алдар көсе базарға барады. Базарда адам көп екен.
Бір кезде тауық сатып тұрған әжені көреді.
Әже: « Тауық алыңдар» -деп ақырын айтып тұрады. Ол кемпірге: «Әжей, осылай сатады ма екен? Мен сатып берейін», -дейді. Әжей келіседі. Содан соң ортаға шығып: «Мынау бір ерекше тауық, Қытай патшасының сүйікті тауығы. Оны сатуға болмайды, тек бағалы затқа айырбастаймын» -дейді Алдар көсе. Бір кезде тауық іздеп жүрген адам табылды. Ол адам: «Тауығыңның орнына не сұрайсың?» -дейді. Алдар: «Қой сұраймын» -дейді. Екеуі айырбастайды. Сосын Алдар көсе: «Уа, халайық, мынау ерекше қой . Бұны ақымақ сиырға айырбастаймын» -дейді. Осы кезде қой іздеген адам да табылды. Олар айырбастайды. Сөйтіп сиырды алып, әжейге келеді. Әжей: «Мен бұл сиырды не қыламын? Оның мүйізі бар, мені сүзіп тастайды. Менің тауығымды қайтар» -дейді.
-Жарайды, -деп Алдар кетіп қалады да, сиырды сатып, оның орнына бір тауық пен бес қой сатып алады.
Соңында әжейге тауығын әкеліп береді де, өзіне бес қойды қалдырады.
Мәтін бойынша тапсырма. Мәтіннің ішінен әр сұраққа 3 сөзден жаз.
Кім? _____________________________________
Не?______________________________________
Не істейді? ________________________________
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар кейіпкерлердің әрекетіне баға береді;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 821



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?