Тәні саудың – жаны сау Спорт тұлғаларымен сұхбат (2-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

 Тәні саудың – жаны сау Спорт тұлғаларымен сұхбат (2-сабақ)  (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
Сабақ тақырыбы: Тәні саудың – жаны сау Спорт тұлғаларымен сұхбат (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Т 4 Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді.
А 3 Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді. Жиі қолданылатын сөздерді түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді. Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді, сұрақ қояды, сұраққа жауап береді. Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді, өздігінен қолданады.
Сабақ барысы:Қызығушылықты ояту.
(Ұ) «Алақай, балақай!» Жаттығу сәті.
Алдымен мұғалім көрсетеді, кейін оқушылардың біреуі айтып тұрады, қалғандары орындайды.
• Орнымыздан тұрамыз.
• Қолымызды белге қоямыз.
• Басымызды оңға, солға бұрамыз.
• Денемізді оңға, солға қозғаймыз.
• Бір орнымызда отырып тұрамыз.
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ж) «Мен білемін!»
Оқушылар диалогті тыңдай отырып, сұрақтардың ретін анықтайды. Бір-бірінің жауаптарымен салыстыра отырып, дұрыс жауаптарын белгілейді.
- Денис Тен, саған бірнеше сұрағым бар. Сен қай спорт түрімен айналысасың?
- Мен мәнерлеп сырғанаумен айналысамын.
- Саған мәнерлеп сырғанауда қандай құралдар керек?
- Маған жақсы сырғанайтын коньки керек.
- Сенің қандай жетістігің бар?
- Мен үш дүркін чемпионмын. Сочи олимпиадасында қола медалінің жүлдегерімін.
- Мәнерлеп сырғанаушы қандай болу керек?
- Жақсы мәнерлеп сырғанаушы икемді, шапшаң болу керек.
- Мәнерлеп сырғанаушы болу үшін не істеу керек?
- Мәнерлеп сырғанаушы болу үшін көп жаттығу керек.
№ Сұрақтар №1,2,3
1 Сенің қандай жетістігің бар?
2 Мәнерлеп сырғанаушы қандай болу керек?
3 Саған мәнерлеп сырғанауда қандай құралдар керек?
4 Сен қай спорт түрімен айналысасың?
5 Мәнерлеп сырғанаушы болу үшін не істеу керек?
(Ж, Ө, Қ) «Кім тапқыр!»
Берілген диалогты жұптарда толықтырады. Бір-біріне сұрақ қойып жауап береді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 238



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі