«Дені саудың – жан сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

 «Дені саудың – жан сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: «Дені саудың – жан сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.2.1 көрнекілік/ үлгі/ қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлеу, сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қою.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен көрнекілік пен үлгі негізінде 1-2 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.
Көптеген оқушылар: көрнекілік пен үлгі негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді.
Кейбір оқушылар: көрнекілік пен үлгі негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөзді байланыстырып сөйлейді.
Сабақ барысы:(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Қадамдар» ойыны. Оқушылар сөйлемдер айтып, қадамдар жасайды. Бір сөйлем – бір қадам. Оқушыларға сөйлемнің басы ұсынылады.
Денім сау болу үшін мен .....................................
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(МК) Грамматикалық қоржын. Оқушылар берілген сурет пен сөз тіркестерін салыстыру арқылы болымсыз мағынаны беретін –ма/-ме, -ба/-бе, па/-пе қосымшаларының мағынасын ашады. Өздігінен мысалдар келтіреді.
(Ж) Суретпен жұмыс. Оқушыларға екі сурет пен фразалар беріледі. Оқушылар сурет бойынша сөйлемдерді ажыратады. Жасаған жұмыстарын шағын топтарда талқылап, сынып алдында қорғайды.
Тапсырманың мақсаты - оқушылардың сыни ойлауын дамыту, болымды/ болымсыз формалы етістік жайлы білімдерін бекіту.
Тісін тазалайды Көп тәтті жейді, тісін тазаламайды
Жуынады Қолын жумайды
Тазалықты сақтайды Тазалық сақтамайды
Дұрыс тамақтанады Дұрыс тамақтанбайды
Жаттығу жасайды Жаттығу жасамайды
Қолын жуады Көп ауырады
Таза ауада серуендейді Спортпен айналыспайды
Спортпен айналысады Шашын тарамайды
Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
- жеңіл болды
- аздап қиындау болды.
- қиын болды.
Сергіту сәті. «Алақай, балақай!»
Оқушылар тақпақты айтады және орындайды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 780



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі