Айналамыздағы әлем туралы жазу (1-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

 Айналамыздағы әлем туралы жазу (1-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем
Сабақ тақырыбы:Айналамыздағы әлем туралы жазу (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.4.2.1 оқыған/аудио/бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сұраққа жауап жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: оқыған материалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, мұғалімнің қолдауымен сұраққа жауап жазады.
Көптеген оқушылар: оқыған материалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сұраққа жауап жазады.
Кейбір оқушылар: оқыған материалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сұраққа толық жауап жазады.
Сабақ барысы:(Ұ) Қызығушылықты ояту. Берілген суреттерге қатысты қандай, неткен, сондай сөздерін қолдана отырып жылдам сөйлемдер айтады.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(МК) Сөз сыры. Оқылымалды жұмыс. Оқушылар берілген сөздерге қарап, мәтіннің не туралы болатынын болжайды. Жаңа сөздердің мағынасын ашады, сөйлемдер құрастырады.
• менің туған жерім
• Қазақстан табиғаты
• қалада тұрамын
• үлкен емес
• таза және әдемі
• қонақ үй
• мейрамхана
• жақсы көремін
(Ж) «Оқы, біл!» Оқушылар берілген мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді.
Менің атым – Аяжан. Менің туған жерім – Қазақстан. Қазақстанның табиғаты өте әсем. Менің елімде биік таулар, мөлдір көлдер мен өзендер, қалың ормандар, кең байтақ далалар бар. Менің елімде көптеген жануарлар мен құстар мекендейді.
Мен Көкшетау қаласында тұрамын. Менің қалам үлкен емес, бірақ таза және әдемі. Менің үйімнің қасында қонақ үй мен мейрамхана бар. Мен қаламды сондай жақсы көремін!
Аяжанның туған жері қандай?
Туған жерінде нелер бар?
Аяжан қай қалада тұрады?
Аяжанның қаласы қандай?
Оның үйінің қасында нелер бар?
Ол өзінің қаласын жақсы көре ме?
(Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар берілген сұрақтарға жауап жазады.
1) Сенің туған жерің қай ел?
2) Сенің туған жеріңнің табиғаты қандай?
3) Сен қай қалада тұрасың?
4) Сенің қалаң қандай?
5) Сенің үйіңнің қасында нелер бар?
Дифференциация. Қабылдау деңгейі орташа балаларға көмек ретінде сұраққа жауап жазудың үлгісі ұсынылады.
• Менің туған жерім - ............................
• Менің туған жерімнің табиғаты .............
• Мен .....................қаласында тұрамын.
• Менің қалам ....................................
• Менің үйімнің қасында ....................... бар. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 768



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!