Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №1 (2 сынып, II тоқсан )

 Қазақстан табиғаты Ақпарат іздеу №1 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Туған өлкем»
Сабақ тақырыбы:Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну.
2.3.2.1 таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалім көмегімен қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: Таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
Оқушыларға дала, орман, тау, көл, өзен суреттерін көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашады.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№1
-Сабағымыздың мақсаты:
• Таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.
(Ұ) Тақтаға Қазақстан картасын іліп қою.
Карта бойынша бағыттарды көрсету.
Солтүстік – Оңтүстік, Батыс- Шығыс
(Ж) Оқушылар жұппен тақтаға шығып, картадан біріншісі бағыттарды көрсетеді, екіншісі сұрайды.
(Ж) Мәтінді жұппен оқиды.
Менің туып өскен жерім – Қазақстан. Біздің елдің табиғаты өте сұлу. Оңтүстігі мен шығысында биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер бар. Солтүстігі мен батысы жазық дала. Каспий, Арал теңіздері бар. Елімізде жануарлар мен құстардың алуан түрі мекендейді. Туған жерімнің табиғаты тамаша!
Әр жұпқа үлестірмелі парақша таратылады. Әр жұп ақылдасып, мәтінде осы сөз тіркесіне байланысты не туралы айтылғанын бір сөйлеммен сипаттап береді.
1-жұп. «Туған жерім»
2-жұп. «Оңтүстігі мен шығысында»
3-жұп. «Солтүстігі мен батысы»
4-жұп. «теңіздер»
5-жұп. «Қазақстанның табиғаты»
Жұптар бірінің жауабын бірі бағалайды.
(Ж) Оқушылар жұпта мәтінді қайтадан оқып, сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарын қағазға жазып, ұшақ жасап көршілеріне қарай ұшырады. Олар ұшақты ұстап алып, сұраққа жауап береді.
Жұптар бірінің жауабын бірі бағалайды.
СЕГІТУ ОЙЫНЫ:
«Жақсылық-жамандық»
Ағаш отырғызу (жақсылық)
Орманды өртеу (жамандық)
Құстарға жем шашу (жақсылық)
Құстардың ұясын бұзу (жамандық)
Суды ластау (жамандық), т/б.
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды сипаттайды;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар Қазақстанның табиғатына қатысты ақпараттарды жинайды. Тірек сөздерді пайдалана отырып, табиғат туралы екі-үш сөйлем айтады.
Үйге тарпсырма:
 Сөздерді жаттау;
 Мәтінді оқу. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 318



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі