Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу №1 (1 сынып, 8 бөлім )

 Ауруханаға бару / дәрігерге қаралу №1 (1 сынып, 8 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақтың тақырыбы:Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.1 Зейін қойып тыңдау
1.1.1.1 Зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды.
3.3 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау
1.3.3.1 Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Зейін қойып тыңдайды. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды.
Көбі: Зейін қойып тыңдайды, сөздік қорды молайтады. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды және есте сақтайды.
Кейбірі: Зейін қойып тыңдайды, сөздік қорды түрлі контекстегі сөздермен молайтады. Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды және өз бетінше түсіндіре алады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
-Дәрігер не істейді?- деген сұрақты оқушыларға қою.
Олардың жауаптарын тыңдау.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы:
Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№1
Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
• Қандай дәрігерлер болатынын білу;
• Дәрігер не істейтінін айту.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
(Ұ) Оқушылар әңгіме жоспарында берілген сөздерді пайдалана отырып, әңгімені мазмұндайды. (Бір күні, бірінші, сосын, кейін, соңында)
Бір күні мен анаммен дәрігерге бардым.
Менің мазам болмады, себебі құлағым қатты ауырды. Бірінші біз күту бөлмесінде отырдық. Сосын дәрігер менің құлағымды арнайы құралмен тексерді. Кейін ол менің тәуір болып кетуім үшін дәрі ішуім керектігін айтты. Соңында мен дәрі ішіп, тез сауығып кеттім.
СЕРГІТУ СӘТІ
Кәне қызық ойындар
Қатарласа қойыңдар.
Отырыңдар, тұрыңдар,
Маған мойын бұрыңдар.
Қолымызды жайайық,
Құстай қанат қағайық.
Аяқты бір басыңдар,
Кәне тағы-тағы да,
Қол соғайық жабыла
Кәне, тағы – тағы да! .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 803



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?