Тамақ және сусын Жемістер мен көкөністер (1-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

 Тамақ және сусын Жемістер мен көкөністер (1-сабақ) (1 сынып, 7 бөлім )

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Тамақ және сусын. Жемістер мен көкөністер (1-сабақ).
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:1.3.1.1 сөздерді дауыстап тұтас оқу
1.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау
1.4.4.1 әріптерді дұрыс байланыстырып, анық жазу
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Сөздердің көбін дауыстап оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын мұғалімнің көмегімен артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, жазады.
Оқушылардың көпшілігі:
сөздерді дауыстап тұтас оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, анық жазады.
Кейбір оқушылар:
Сөздердің барлығын дауыстап тұтас оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, жазба әріптермен анық жазады.
Сабақ барысы: Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижемен таныстыру.
«Болжау» берілген суреттерді атап топқа бөлу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Оқушылар кезекпен шығып 1 қосымшада берілген суреттерді екі себетке бөліп салады да сабақтың тақырыбын болжайды.
(Оқушылар жемістер мен көкөністерді атайды. Мұғалім тақтаға жазып тұрады. Оқушылар атай алмаған жағдайда мұғалім өзі айтады.)
(Т) «Кім шапшаң?» Жұпта жемістер мен көкөністердің атауын суретпен сәйкестендіреді және оларды сипаттайды. Тақтадағы тиісті себетке салады. (жемістер, көкөністер) ( төрт оқушыдан бөлінеді)
(Ж) «Жұбыңды тап!»
Сөздер мен суреттерді сәйкестендіру арқылы жұпқа бөлінеді. Өз жұбының жемісін атап, сипаттайды. Тақтаға іліп қояды.
Мысалы: Мынау – алма. Ол жасыл, дәмді, қатты. Ол – жеміс.
Бағалау. Оқушылар бірін-бірі тыңдап, смайликтар арқылы бағалап отырады.
Сергіту сәті. Әуенге қосылып билеу.
1. (Ө) Дәптермен жұмыс. «Атауын анықта»
2. Слайдтан жемістер мен көкөністер көрсетіледі. Оқушылар олардың атауын дәптерлеріне жазады.
3. Қосымша тапсырма.
(Ө) Сәйкестендіру. Сурет пен атауын сәйкестендіреді.
Бағалау. Үлгіге қарап, өз жұмысын бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 909



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!