Ертегі кейіпкерлері №2 (1 сынып, 6 бөлім )

 Ертегі кейіпкерлері №2  (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегі кейіпкерлері №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.4 Диалогке қатысу
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
1.5 Тыңдаған және оқыған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар арқылы білдіреді.
Көбі: Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Кейбірі: Өз пікірін айту арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Ертегілерден үзінділер оқу оқушылар қандай ертегі екенін және кейіпкерлерін атайды.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.
Ойланайық! Оқушыларға жыл басының ертегі кейіпкерлерін көрсету және олардың атауларын сұрау.
• Қандай хайуандарды көріп тұрсың?
• Әр хайуан туралы не айта аласың?
(Ұ) «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін тыңдау.
Келесі сұрақтарды талқылау:
• Ертегі қалай басталады?
• Хайуандар өздері туралы не айтады?
• Ертегіде жыл басы не болды?
• Неліктен тышқан, жыл басы болды?
• Түйе неге жыл басы бола алмады?
• Ал, неліктен басқа хайуанаттар жыл басы бола алмады?
• Қай кейіпкер саған ұнады/ұнамады?Неге?
СЕРГІТУ СӘТІ.
Саусақтарым бір-бірімен амандасайқ,
Саусақтардан гүл ашайық,
Саусақтарды ашып-жұмып,
А-Ә,Г-Ғ, Ү-Ұ, Н-Ң, К-Қ, О-Ө
Дыбыстарды дұрыс айтайық.
Тапсырма. Артығын тап.
Тапсырма. “Төлін тап”
Тапсырма. «Не қалай дыбыстайды?» ойыны
Тапсырма. “Мал қалай дыбыстайды?”.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 091



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі