Ертегілер – қысқа фильмдерді көру «Үйшік» ертегісі (4-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

 Ертегілер – қысқа фильмдерді көру «Үйшік» ертегісі (4-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні
Сабақ тақырыбы:Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. «Үйшік» ертегісі (4-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну
1.2.4.1 фото/ сурет/ қуыршақтарды қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндайды
Көптеген оқушылар шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндайды
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша еркін мазмұндайды.
Сабақ барысы: (МК) Қызығушылықты ояту.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сабаққа зер салайық,
Бәрін ұғып алайық!
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.
(МК) «Жұлдызды сәт»
Оқушылар «Үйшік» ертегісін суретті қолданып, мазмұндайды.
(Т) «Карусель» ойыны
Оқушылар өздерінің заттары арқылы үш топқа бөлінеді. Әр топ белгіленген уақыт ішінде «Үйшік» ертегісі бойынша барлық сөздерді жазады. Бірақ әр топ сөздерді белгілі бір сұрақ негізінде жазады. Белгіленген уақыттан кейін топтар орындарымен ауысып, жұмысты жалғастырады. Тапсырманы орындап болған соң әр топ суретке қатысты сөздерді таныстырып, дұрыстығын тексереді.
Тапсырманың мақсаты – сұрақтар арқылы сөздерді саралай алу қабілетін дамыту.
Кім? Не? Қандай? Не істейді?
Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Қызыл түс – қиын болды.
Сары түс – аздап қиын болды.
Жасыл түс – жеңіл болды.
(МК) «5 жолды өлең»
Мұғалімнің көмегімен берілген форманы қолданып, сұрақтарға жауап жазу арқылы бір кейіпкерді сипаттап айтады.
1. Не?
2. Қандай? Қандай?
3. Не істейді? Не істейді?
4. Қандай? Не? Не істейді?
5. Қоян
6. Қорқақ, кішкентай
7. сұрайды, өмір сүреді
8. Қорқақ қоян сұрайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 206



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі