Дос болайық № 9 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

 Дос болайық № 9  (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Дос болайық № 9
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау
3.4.3.1 өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын, түрін анықтайды, сөйлемнің соңында тиісті тыныс белгісін қояды
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтіннің жанрын, түрін ажыратады, өз бетінше жай сөйлемнің соңында тиісті тыныс белгісін қояды
Оқушылардың кейбірі:
Тиісті тыныс белгілерді дұрыс қолданады және сөйлемнің түрлерін ажыратады.
Сабақ барысы: (Ж) Психологиялық дайындық.
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.
Сәлем, досым! /амандасады/
Сен қалайсың? /иықтарын қағады/
Қайда болдың? /құлақтарын тартады/
Сен келдің бе? /қолдарын жаяды/
Мен сені сағындым! /қолдарын жүректеріне қояды/
Досым саған ризамын! /құшақтайды/
Оқушылар ребус шешу арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
с табу - сақтауы ын.
«Дос табу оңай - сақтауы қиын»
- Қандай мақалды оқыдыңдар?
- Сенің досың қандай?
- Сен қандай доссың?
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- оқыған мәтіннің жанрын, түрін ажыратамын;
- жай сөйлемнің соңында тиісті тыныс белгісін қоямын
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: оңай, қиын
«Ассоциация» әдісі
Мұғалім тақтада немесе қиылған қағазда жазылған сөзді көрсетеді. Оқушылар бұл сөз бойынша өздерінің ассоциацияларын айтады және оларды кестеге жазады.
Мысалы:
Жаңа сөздер Ассоциация, әрекет
оңай
қиын
Оқушылар жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп, дәптерлеріне дұрыс жазады.
(Т) Оқушылар шағын үш топқа бөлінеді. Жанр түрлерін қайталайды (таныстырылым). Оқушылар достық туралы мақал-мәтел, өлең, әңгіме оқиды. Тақырыбын және жанрын анықтайды, жауабын түсіндіреді.
1 –топ. Мақал-мәтелдер:
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
Жаман жолдастан таяғым артық.
Дос табу оңай - сақтауы қиын
2-топ. Өлең:
Досыңа бол адал жан,
Бірдей бөліс сынақты.
Бір нүктеге қадалған
Екі көзің сияқты. Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да
Сенімді боламыз.
Достар бірге жүреміз.
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз.
3-топ. Әңгіме:
Ата тәлімі
Атасы немересіне:
- Дос табу оңай ма? - деді.
- Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын, - деді немересі.
- Жоқ, балам, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең дос іздемейді. Досың ақылды болса, өзің дана боласың. Досың ақымақ болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, - деді атасы.
Топтарға жанрлық ерекшелікті көрсететін сөздер мен сөз орамдары ұсынылады. Оқушылар солардың ішінен өзіне берілген жанрға қатыстыларын іріктеп алып, дәлелдеу барысында қолданады (қолдауды қажет ететін оқушылар үшін).
Ұйқасқа құрылады
Шумақтардан тұрады
Көлемі шағын, көбінесе 2-4 жолдан тұрады
Адамдарға ақыл үйретеді
Сюжеті болады
Кейіпкерлері болады
Ұйқас болмайды
Дескриптор:
• Мәтіннің тақырыбын анықтайды.
• Мәтін жанрын анықтайды.
• Жанр ерекшелігін ажыратады.
Кері байланыс
 Тапсырманы орындау қиын болды?
 Не қиын болды?....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 051



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!