Қайырымды балалар № 8 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

 Қайырымды балалар № 8 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Қайырымды балалар № 8
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тыңдаған аудиоматериал бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді, сөйлеу және жазу барысында заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған аудиоматериалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сөйлеу және жазу барысында заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданады
Оқушылардың кейбірі:
Тыңдаған аудиоматериалдың мазмұны бойынша сұрақтарға толық жауап береді, өз ойын қосады, сөйлеу және жазу барысында заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді орынды қолданады.
Сабақ барысы: Психологиялық ахуал қалыптастыру. Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннен жылу алайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
Жиналған жылы шуақты,
Бір-бірімізге сыйлайық.
Жарайсыңдар балалар, көңіл-күйлерің қалай? Ендеше осы жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беремін;
- заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Қауіп, апар
1. Осы сөздердің мағыналарын суреттері арқылы меңгерту
Қауіп - Қатер
Жолда ойнау қауіпті.
Мұзда ойнау қауіпті.
Тоқпен ойнау қауіпті.
Апару - Жеткізу
Машинамен апару Гүл апару
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Сөйлемдер құрастыру.
Отпен ойнауға болмайды, себебі ол қауіпті.
Мектепке кітап, дәптер апарамын. Марат інісін саябаққа апарды.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
Тыңдалым алды тапсырмасы.
(Ұ) Ой шақыру.
Оқушылар «Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді» атты бейнеролик көреді.
- Бейнеролик не туралы?
- Осы бейнеролик бізге не айтқысы келді? Нені түсіндік?
Тыңдалым мәтінінде кездесетін таныс емес сөздерге түсінік беріледі: құстяң ұясы, жем, қайырымды.
Тыңдалымнан кезіндегі тапсырма
(Ұ) Мәтінді мұқият екі рет тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, кестені толтырады.
Жәнібек пен Азамат мектептен шығады. Далада күн суық, қар жауып тұрады. Олар аулада тонып жүрген құстарды көреді. Аяз құстар үшін үлкен қауіп. Екеуі құстарға көмектескісі келеді. Үйге келіп, құстың ұясын жасайды. Ертеңінде Жәнібек пен Азамат ұяны ағашқа іледі. Ұяға жем апарады. Жәнібек пен Азамат қайырымды балалар.
(Ө) Сұрақтарға жауап жаз.
Жәнібек пен Азамат аулада нелерді көреді? ________________________________________________
Олар құстарға не жасайды? Неліктен? ________________________________________________
Мәтін неге үйретеді? _____________________________
_______________________________________________
(Ө) Кестедегі сөйлемдерді оқиды. Іс-әрекетті жасаған кейіпкерді жазады.
Олар аулада тонып жүрді. Үйге келіп құстың ұясын жасады.
Дескриптор:
˗ мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
˗ іс-әрекеті арқылы кейіпкерді анықтайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 336



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?