Ұқыпты оқушы № 4 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

 Ұқыпты оқушы № 4 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Ұқыпты оқушы № 4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
3.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтін бойынша қарапайым сөйлемдермен пікірін білдіреді, мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауларын дұрыс байланыстырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады, ауызша және жазбаша сөйлеуде жіктік жалғауларын дұрыс байланыстырады.
Оқушылардың кейбірі:
Оқиғаға қатысты өз ойын айтады, дәлелдейді, ауызша және жазбаша сөйлеуде жіктік жалғауларын орынды қолданады.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
«Қарлы кесек» ойыны. Оқушылар мұғалім бастап айтқан сөзді жалғастырып, өткен сабақтардағы сөздерді айтып тізбек жасайды.
Оқушылар сабақтың мазмұнын болжайды. «Ұқыпты» деген сөзге ассоциацияларын айтады, өз ойларымен бөліседі. Ұқыпты бала қандай болу керек? деген сұраққа жауап береді.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- мәтіндегі оқиғаға қатысты ойымды айтамын;
- жіктік жалғауларын дұрыс байланыстырамын.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: ұқыпты, ереже, кешігу
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, суреттері арқылы меңгерту
Ұқыпты - құралдарын, киімдерін таза ұстайтын тәртіпті бала
Мен ұқыпты+мын, сен ұқыпты+сың, сіз ұқыпты+сыз, ол ұқыпты.
Ереже – заң, қағида.
Кешігу – уақытында келмеу
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Сөйлемдер құрастыру.
Жол жүру ережелері, ойын ережелері. Ережені сақтау. Ұқыпты оқушы. Сабаққа кешігу, көп кешігіп келу.
4. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
(Ұ) Оқушылар мәтінді «мен» сөзін өзгерте отырып оқиды.
Бүгін мен ерте тұрдым. Мен анам оятты. Мен тез тамақтандым, оқулықтарымды жинадым, ережені қайталадым. Киіндім, үйден шықтым.
Кенет жолда көрші әжені көрдім. Ол сөмкесін көтеруді өтінді. Әжені жолдан өткіздім, үйіне апардым. Әже мен риза болды. Аялдамаға таяғанда, мен автобусым жүріп кетті. Мен үлгермедім. Сөйтіп, сабаққа кешіктім.
(Ұ) Сұрақтарға жауап береді:
 Оны кім оятты?
 Жолда кімді көрді?
 Не себепті ол сабақтан кешікті?
(Ө) Мен, менің, маған, мені сөздерімен сөйлемдер құрастырады.
Дескриптор:
 мәтінді жіктеу есімдіктерін түрлендіре отырып оқиды;
 мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
 берілген сөздермен сөйлемдер құрастырады;
сөйлемнің құрылымын сақтайды....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 105



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍