Құстар- біздің досымыз №7 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

 Құстар- біздің досымыз  №7 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Құстар- біздің досымыз №7
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну
3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтін мазмұнын түсіну
2. Тақырып бойынша диалогқа қатысу
3. Сөздерге тәуелдік және жіктік жалғауларды дұрыс жалғау
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог барысында сұрақтар қояды, сөздерге қоымшаларды дұрыс жалғайды
Оқушылардың кейбірі: тақырыпқа қатысты қосымша ақпарат айтады, диалог барысында өз ойын түсінікті жеткізеді.
Сабақ барысы: «Пойыз» ойыны (бірінші тұрған оқушы бір сөз айтады, келесі тұрған оқушы алдыңғы сөздің соңғы әрпіне сөз айту керек, айта алмаған оқушы ойыннан шығады).
Ара-ат-түйе-есек-күшік-кесіртке-ешкі
Үй тапсырмасын тексеру. “Таңдамалы тексеру” әдісі. Оқушылардың жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексеру. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданамын.
Заттың қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту
Құстар
Көгершін
Қорғау-көмектесу, жамандықтан қорғау, суықтан қорғау
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Жыл құстары, құстарды қорғау. Құстарды қорғау керек.
Ақ көгершін. Мен көгершіннің суретін салдым.
(Ө, Ұ) Тыңдалым
Тыңдалымалды тапсырма
Тыңдалымда кездесетін таныс емес сөздермен жұмыс жүргізу.
«Қамқорлық» сөзіне түсінік беру.
«Қамқорлық» - қорғау, күту, су, тамақ беру, ұя жасау.
Құстарға қамқорлық, әжеге қамқорлық, балаға қамқорлық, табиғатқа қамқорлық жасау
Сұрақтар қою арқылы мәтін мазмұнын болжату
 Қандай құстарды білесіңдер?
 Құстардың қандай пайдасы бар?
 Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
Тыңдалым тапсырмасы
Мәтінді 2 рет тыңдайды және мәтін мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырады.
Тыңдалым мәтіні
Тоғайда әртүрлі құстар бар. Құстар жанды табиғатқа жатады. Құстар табиғатты қорғайды. Адамдар құстарға қамқорлық жасайды. Олар құстарға ұя жасайды, жем береді. 1 сәуір – құстарды қорғау күні.
Керекті сөздер: не? нелер? кім? қандай? нені?
Дескриптор:
• Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырады.
• Сұрақтарды сөйлемде дұрыс қолданады.
• Суреттердің ретін анықтайды.
Сөйлемдер:
1. Тоғайда ... бар?
2. Құстар ... табиғатқа жатады?
3. Құстар ... қорғайды?
4. Құстарды ... қорғайды?
5. 1 сәуір ... күн?
Әр оқушы өз бетінше орындап болған соң, бірнеше оқушы жауаптарын оқиды (бір сөйлемнен), қалғандары өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Суреттерге қарап, сөйлемдерді толықтырады. Суреттердің ретін анықтайды.
_______құстарды қорғаймыз.
Құстар __________ қорғайды.
1 сәуір – құстар _________ .
Тоғайда ___________ бар. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 631



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі