Үй құстары №6 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

 Үй құстары №6 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Үй құстары №6 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу
4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
2. Оқыған мәтіннің мазмұнын жазу
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мұғалімнің көмегімен мәтін мазмұнын жазады және қимылды білдіретін сөздерді қолдау арқылы қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздер арқылы оқыған мәтіннің мазмұнын жазады, қимылды білдіретін сөздерді орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі:тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі,мәтін мазмұнын жазуда мағыналас сөздерді қолданады.
Сабақ барысы: «Бинго» ойыны
«Үй жануарлары және төлдері» тақырыбына ұяшықтарға сөздер жазады.
Жылқы Түйе Құлын
Сиыр Ешкі Бота
Қой Қозы Бұзау
Алты ұяшықтан тұратын кесте сызып, оның ішіне алдыңғы сабақта өткен сөздерді жазу. Кестені көрсетпей, оқушылардың өздеріне төркөздерге үй жануарлары мен төлдеріне қатысты алты сөз жазуды тапсыру. Оқушылар жазып болған соң, кестені тақтадан көрсетеді. Мұғалімнің жазғанымен (тігінен немесе көлденеңінен) үш сөз сәйкес келсе, «Бинго!» деп айтады. Сол оқушы жеңімпаз болады.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
 Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
 Мәтін мазмұнын жазамын.
 Қимылды білдіретін сөздерді қолданамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.
«Үйрек, тауық, төмен» сөздерін суреттермен сәйкестендіру арқылы меңгереді
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру
Тауықтың балапаны
Үйректің тұмсығы
Үйрек төмен ұшады.
(МК, Ұ) Жұмбақтар жасыру
1.Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап.
(Балапан)
2. Қық - қық етеді,
Кезіп жүріп көшені,
Жата қалса орнына
Ақ доп тастап кетеді.
(Тауық)
3. Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.
(Қаз)
4.Суға түссе балықтай
Жүзе берер жалықпай
Үйрек
5. Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
(Әтеш)
(Ө) Оқылым
Оқылымалды тапсырма
БББ кестесін толтыру. Үй құстары туралы білетіндерін кестенің бірінші бағанына жазады, білгені туралы екінші бағанға, білгісі келетінін үшінші бағанға жазады.
Білемін Білдім Білгім келеді
(МК, Ұ) Оқылым тапсырмасы.
Үй құстары. «Бірлесіп оқу» әдісі
Тауық, қаз, үйрек, күркетауық - бұлар үй құстары. Адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетеді, асырайды. Оларға жем, су береді, қора салады. Үй құстары көктемде балапан туады.
Үй құстарының пайдасы көп. Адамдар жұмыртқасын, етін пайдаланады. Жүнінен жастық, көрпе жасайды.
1.«Балмұздақ таяқшалары» әдісі бойынша оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу.
Сұрақтар:
• Қандай үй құстарын білесің?
• Үй құстары не жейді?
• Үй құстары қашан балапан туады?
• Үй құстарының жүнін не үшін пайдаланады?
Мадақтау сөздер арқылы бағалау
2. Мәтіннен қимылды білдіретін сөздерді табу және сұрақ қою.
3.(Ө) БББ кестесін толтыруды жалғастырады.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
(Т) Венн диаграммасын толтыру
Үй құстары мен жабайы құстарды салыстырады.
Тапсырмаға кері байланыс
“Пайыздық көрсеткіш”(өзіңді бағала)
100% 75% 50% 25% .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 860



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!