» » » » Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің ақ лағым бар №5 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің ақ лағым бар №5 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің ақ лағым бар №5 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім) казакша Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің ақ лағым бар №5 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім) на казахском языке
Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Менің ақ лағым бар №5
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
2. Тақырып бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру
3. Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді орынды қолдану
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, диалог барысында сұрақ қояды, сұраққа жауап береді
Оқушылардың кейбірі: диалогқа еркін қатысады.
Сабақ барысы: «Жылы сөздер»
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады. Үлгі: Анам маған «ботақаным» деп айтады.
Өткен тақырыпты еске түсіру.
«Үй жануарлары және төлдері» тақырыбына «Бинго» ойынын ойнату.
Жылқы Түйе Құлын
Сиыр Ешкі Бота
Қой Қозы Бұзау
Алты ұяшықтан тұратын кесте сызып, оның ішіне алдыңғы сабақта өткен сөздерді жазу. Кестені көрсетпей, оқушылардың өздеріне төркөздерге үй жануарлары мен төлдеріне қатысты алты сөз жазуды тапсыру. Оқушылар жазып болған соң, кестені тақтадан көрсетеді. Мұғалімнің жазғанымен (тігінен немесе көлденеңінен) үш сөз сәйкес келсе, «Бинго!» деп айтады. Сол оқушы жеңімпаз болады.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша диалогқа қатысамын.
Заттың сынын, қимылын білдіретін сөздерді қолданамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді ым-ишара, қимыл арқылы меңгерту
секіреді еркелейді
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.
Лақ таста секіреді. Лақ шешесіне еркелейді.
(Ө, Ж) Тыңдалым
Тыңдалым мәтіні
Лақ – кішкентай жануар. Ол өте сүйкімді. Лақ секіреді, ойнайды. Ақ, қара лақтар болады. Лақтар шешесіне еркелейді.
Мәтінді тыңдайды және “Блиц-бақылау” әдісі бойынша сұрақтарға 1-2 сөзбен жауап жазады (сұрақтарды кезекпен оқып тұру немесе тақтадан көрсету).
Көрші отырған оқушымен жұмыстарымен ауысады, бір-бірін тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен тексереді және бағалайды.
• Мәтін не туралы?
• Лақ қандай?
• Лақ не істейді?
• Лақ кімге еркелейді
Көршісінің жұмысын бағалайды.
 Өте жақсы түсінген.(4 балл)
 Жақсы түсінген.(3 балл)
 Дұрыс түсінген жоқ.(2 балл)
 Мүлдем түсінген жоқ.(0-1 балл)
Кері байланыс
(Т) Жазылым. Оқушылар екі топқа бөлініп, мәтін мазмұны бойынша кестені толтырады.
Лақ қандай? Лақ не істейді?
Топтар бір-біріне оқиды, дұрыс/бұрыстығын анықтайды.
(Ж) Айтылым. Жұпта отырған оқушылар суреттер бойынша сөйлемдер құрап жаттығады.
«Сөздік теннис» ойыны. Көрші отырған оқушылар кезекпен сөз айтып, толық сөйлем құрастырулары керек.
Үлгі:
Лақ
Ақ лақ
Ақ лағым бар.
Менің ақ лағым бар.
Менің бес ақ лағым бар.
Менің қорамда бес ақ лағым бар.
Сергіту сәті
«Атомдар мен молекулалар»
Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.
(Ө) Жазылым. Өздері жақсы көретін малдың төлдері туралы мәтін (4-5 сөйлем) құрастырады.
Қолдау үшін берілетін сұрақтар:
• Ол қай малдың төлі?
• Ол қандай?
• Ол не істейді?
«Бағытталған жазу» әдісі (қолдауды қажет ететін 2-4 оқушыдан құралған топ құрып, жетекшілік ету) . Орындап болған соң, қалаулары бойынша бірнеше оқушының жауаптары тыңдалады. «Бес саусақ» әдісі арқылы сынып оқушылары бағалайды.
 Бас бармақ- өте жақсы
 Балаң үйрек -ұсынысым бар
 Ортан терек - жақсы
 Шылдыр шүмек- шектеулі
 Кішкентай бөбек - нашар....



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 30 секунд !!!

Автор: Umit | 508 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтар жазу (2-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтар жазу (2-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Табиғатты қорғау (3 сынып, I тоқсан, 12 сабақ)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жәндік жанды табиғатқа жатады ма? №6 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жәндік жанды табиғатқа жатады ма? №6 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй жануарлары (1-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй жануарлары (1-сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 9 мамыр - Жеңіс күні №6 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 9 мамыр - Жеңіс күні №6 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (1-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы жазу үшін идеялар жинақтау (1-сабақ) (2 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары:  Жанды және жансыз табиғат (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жанды және жансыз табиғат (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (4-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балаларға арналған тақпақтар туралы идеялар жинау (4-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызғалдақ №11 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қызғалдақ №11 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қайырымды балалар № 8 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қайырымды балалар № 8 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бізге көмектесетін дос туралы әңгімені жазу (2 сынып, I тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бізге көмектесетін дос туралы әңгімені жазу (2 сынып, I тоқсан )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 7 сабақ Бұл қай кезде болады? (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 7 сабақ Бұл қай кезде болады? (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Туған күніңмен! №2 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Туған күніңмен! №2 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Ағам қобыз тартады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: 4-сабақ Ағам қобыз тартады (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесінің үлгісі мен сызбасы (2-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесінің үлгісі мен сызбасы (2-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әнші болғым келеді  №4 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әнші болғым келеді №4 сабақ (3 сынып, III тоқсан, 5 бөлім)

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы, сабақ жоспары Менің ақ лағым бар №5 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Менің ақ лағым бар №5, сабақ жоспары Менің ақ лағым бар №5 3 сынып қазақ тілі қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары поурочные планы на казахском языке казак тили кыска мерзимди сабак жоспары Менің ақ лағым бар №5, Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің ақ лағым бар №5 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)