Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақ тілі (7 сынып)

Олимпиадалық тапсырмалар: Қазақ тілі (7 сынып)

7 – сыныпқа арналған мектепішілік олимпиадалық тапсырмалар

Оқылым бөлігі
Оқыңыз.
Достың көп болғаны жақсы ғой. Менің достарым аз емес. Мен кейде балалық шақтың қызықтарын бірге бөліскен достарымды сағынамын. Балалық шақ деген тәтті екен. Сол кезде бірге жүрген достардың орны бөлек. Қазір достарымның қайда жүргенін білмеймін. Олар да мен секілді студент шығар. Бүгінде соларды іздеп, хат жазып отырмын.
Мен бастауыш сыныпты Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қарқаралы ауылындағы орта мектепте оқығанмын. Бұл 1996 – 2000 жылдар аралығы еді. Біздің сыныптың оқушылары тәртіпті де, тәрбиелі еді. Әрі бәрі шеттерінен өнерлі балалар. Әсіресе, Аян мен Серік өте жақсыға оқыған. Біз үнемі футбол ойнап спортпен айналыстық. Аян мейірімді де, ақылды. Мен оны осы қасиеттері үшін де жақсы көретінмін. Бүгінде оның қайда екенін білмеймін, оларды сағынып, іздеп жүрмін.
(Қазақстан әйелдері, № 8, 2008 ж. 111 сөз)

1. Мәтін мазмұны ... туралы.
А) нағашым
В) достарым
С) ауыл
D) футбол
2. Мәтіндегі негізгі ақпарат ... туралы.
А) сыныптастар
В) студенттер
С) балалық шақ
3. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Балалық шақ тәтті екен.
А) қызық
В) қиын
С) ауыр
D) қымбат
4. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Біз үнемі футбол ойнап, спортпен айналыстық.
А) ылғи
В) қашан да
С) әсіресе
D) әрқашан
5. Асты сызылған сөзге мағынасы жақын сөзді табыңыз.
Олар да мен секілді студент шығар.
А) сияқты
В) сонымен
С) сол себепті
D) сондай-ақ
6. Бірге жүрген достардың орны бөлек.
А) өзгеше
В) артық
С) бірге
D) бірлікте
7. Оның достары қандай балалар деп ойлайсыз?
А) – Меніңше, тәрбиелі, өнерлі
В) ұйымшыл
С) көп қыдырады
D) ізденімпаз, көп оқиды




2) Берілген 4 тапсырмаға жауапты 4 нұсқадан (А, В, С, D) табыңыз.
Үлгі:
1. Маржан қазақша жақсы жаза, ... А) оқу
2. Сен мына кітапты ... В) оқи алады
3. Дастан мына журналды ертең ... С) оқиды
4. Жақсы ... міндетің D) оқыдың ба?
Жауаптары: 1 – В; 2 – D; 3 – С; 4 – А.
Жауаптарын оң жақ нұсқадан таңдайсыз.
Дұрыс нұсқасын таңдаңыз.
1. Мен ... жиі барамын A) жаңа бассейн туралы
2. Біз ... туралы айттық B) бассейнге
3. Менің танысым ... жұмыс істейді. C) бассейнде
1. - ... 2. - ... 3. - ... D) бассейнмен

4. Айжанға менің ... ұнайды. A) ағам туралы
5. Ол хатында ... жазды. B) үлкен ағам
6. Біз көрмеге ... бірге бардық. C) ағаммен
7. Мен ... кітап сатып алдым. D) ағама
4. - ... 5. - ... 6. - ... 7. - ...

8. Назым ... танысты. A) белгілі жазушымен
9. Біз ... гүл сыйладық В) белгілі жазушыға
10. Менің досым – .... C) белгілі жазушы
11. Мен көрмеде ... кездестірдім. D) жазушыны
8. - ... 9. - ... 10. - ... 11. - ...

12. Мен мұражайда ... кездестірдім. A) досым туралы
13. Мен .. бірге ән айтуды жақсы көремін. В) менің досым
14. ... осы жерден ылғи гүл сатып алады. C) досымды
15. Айдос менен ... жиі сұрайды. D) досыммен
12. - ... 13. - ... 14. - ... 15. - ...

16. Студенттер ... шықты. A) соңғы лекция
17. Жанар соңғы ... болды. В) соңғы лекцияда
18. Бүгін бізде ... болмайды. C) соңғы лекциядан
19. ... сағат 14-те басталады. D) соңғы лекция
16. - ... 17. - ... 18. - ... 19. - ....

20. Біз ... айттық. A) осы кітаптан
21. Маған осы ... беріңізші. В) осы кітап
22. Маған ... өте керек. C) осы кітапты
23. Мына ақпаратты ... оқыдым D) осы кітап туралы
20. - ... 21. - ... 22. - ... 23. - ...

24. Менің інім ... туған. A) көктем
25. Бұл өлеңдер ... В) көктемде
26. ... жылдың ең жақсы мезгілі. C) көктем туралы
24. - ... 25. - ... 26. - ...


27. Жазда Айдос ... барады A) әкесі туралы
28. Менің досым ... өте жақсы көреді. В) әкесіне
29. Ол ... жиі айтады. С) әкесін
27. - ... 28. - ... 29. - ...



Тыңдалым
1-тапсырма.
1-тапсырма.Аудиомәтінді тыңдап, тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Бұл кімдердің арасындағы диалог?
а) Спорт аяқ киімі зауыты мен атақты спортшы
в) Спорт киімін тігетін ателье мен клиент
с) Спорт тауарларын өндіретін кәсіпорын мен спорт мектебі
d)Спорт тауарларын сататын дүкен мен спорт мектебі
е) Спорт тауарларын жеткізетін фирма мен спорт клубы
2. Мәтін бойынша, «клиент» сөзінің синонимін табыңыз.
а) сатушы
в) науқас
с) сөйлесуші
d) тұтынушы
е) спортшы
3. Тек сауда саласының терминдерінен тұратын қатарды көрсетіңіз.
а) өндірістік фирма, спорт, құжат
в) жеңілдік, тауар, көтерме баға
с)тапсырыс, сұраныс, спорт құралдары
d) келісім, өлшем, сапа
е) спорт мектебі, шаңғы, қуаныш
4. Жарнама ретінде қолданылатын сөйлемдерді анықтаңыз.
а) Бұл «Спорт» өндірістік фирмасы. Сізді тыңдап тұрмыз.
в) Жақсы. Сізге қандай спорт тауарлары керек?
с) Біз де қуаныштымыз!
d) Төлеуге тиісті сумманы банк арқылы біздің фирманың атына аударуыңызға болады.
е) Тұрақты тұтынушыларға, тұрақты клиенттерге жеңілдіктеріміз бар.

5. Біздің фирмамыз сіздерге ... әрқашан дайын. Мәтін мазмұны бойынша толықтырыңыз.
а) тауар сатуға
в) қуанышты сәттер сыйлауға
с) хат жіберуге
d) қызмет көрсетуге
е)жеңілдік беруге
6. Сатып алушылардың сатушыны өз жағына шығару үшін жиі қолданатын сөздерін көрсетіңіз.
а) Тауарларыңыздың сапасы жақсы болса, сіздердің тұрақты тұтынушыларыңыз болар едік.
в) Сіздердің фирмаға тапсырыс құжаттарын факс арқылы жіберейік деп едік.
с) Төлеуге тиісті сумманы банк арқылы біздің фирманың атына аударуыңызға болады.
d) Түрлі спорт құралдарына сіздерге тапсырыс берейік деп едік.
е) Бізге түрлі өлшемдегі елу жұп шаңғы, он шақты баскетбол добы және теннис құралдары қажет.
7. «Сұраныс» сөзіне қай сөз антоним бола алады?
а) тапсырыс
в) жеңілдік
с) ұсыныс
d) келісім
е) тұтынушы
8. Мәтіннің мазмұнына сай келмейтін сөйлемді табыңыз.
а) Фирмамызда қазіргі сұраныстағы барлық спорт тауарлары бар.
в) Біз бұл тауарларды көтерме бағамен бере аламыз.
с) Сіздердің фирмаға тапсырыс құжаттарын факс арқылы жіберейік деп едік.
d) Тұрақты тұтынушыларға, тұрақты клиенттерге жеңілдіктеріміз бар.
е) Біз құжаттарды факспен қабылдай алмаймыз. Төлеуге тиісті сумманы фирманың кассасына әкеліп тапсыруңыз керек.

9. Сөйлемді аяқтаңыз.
Спорт мектебі фирманың тауарларды көтерме бағамен бергеніне қуанды, өйткені ...
__________________________________________________________________
10. Мәтіннің мазмұнына сай мақалды табыңыз.
а) Саудагерде дос болмас.
в) Алдамасаң, базар жоқ.
с) Алтын тапсаң санап ал.
d) Шаруа түбі - кеңес, сауда түбі - келіс.
е) Базары жақын байымас.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Гүлшат
    Гүлшат 07.12.2023 17:11
    0 + 0 -
    1-тапсырма.Аудиомәтінді тыңдап, тест сұрақтарына жауап беріңіз. қайдан тыңдаймыз