Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр

 Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Топ. II екінші кіші топ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Жапалақтап алғашқы қар жауып тұр.
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің өзгеруіне көңіл бөлуге, қоршаған ортадағы – үйлерге, ағаштарға, жерге қардың қалай жаутындығын бақылату. Түстердің үйлесімдігіне назар аударуды үйрету. Таяқшаларды пайдаланып қар салуды үйрету. Табиғаттың тіршілігіне және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғарғы адамгершілік сезімдері мен жауапкершілігін дамыту.

Ынталандыру, сезімді ояту
Қуаныш шеңбері:
Қонақ күту салатымыз,
Оқып - біліп жатырмыз,
Келген қонақ сізге,
Сәлем бердік жалпымыз,
Жалқаулықты тастайық,
Сабақта біз бастайық
Білім жолымен жүрейік,
Қиындықтан қашпайық.

Жақсы, балалар!
Енді орнымызға отырайық.
Бүгін біз алғашқы қар жайлы ойымызбен бөлісетін боламыз.
Балалар суретке назар аударайықшы.
- Мына суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Мына суретте қандай заттардың үстіне қар жауып қалған?
Өте тамаша балалар!!!
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
- Жақсы, қыс мезгілі өте қызықты. Қыста айнала аппақ, тып - тыныш күйге айналады. Біз шанамен ойнаймыз, аққала жасаймыз.
Енді оқу іс әрекетімізге кірісейік.
Бүгін біз бұлттардан жапалақтап келе жатқан қарды қылқаламмен, ал жерде жатқан қарды таяқшамен саламыз.
- Бір - бірімізге бөгет жасамай, ұқыпты орындаймыз.
- Балалар қолдарын шаршап қалды ма?
- Сергіту сәтін орындасақ қайтеді?

Сергіту сәті:
Ауадан қуат алайық,
Алақанға салайық,
Жерден нәр алайық,
Алақанға салайық,
Күннен шуақ алайық,
Алақанға салайық,
Күн шуағын апайларға сыйлайық!
Тәрбиеші: Ракишева Асем Кумарбековна.....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі