Сол жақта ортада оң жақта Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау

 Сол жақта ортада оң жақта Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Сол жақта, ортада, оң жақта. Шеңбер шаршы туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты: өзіне қатысты кеңістікте орналасуын анықтай білу дағдыларын бекіту (оң жақта, сол жақта, ортасында); геометриялық фигуралардың орналасу ретін түсіндіру; 1 цифрын 1 санының таңбасы ретінде таныстыру; үлгіні пайдалана отырып, 1 санын жазып үйрету; 1 цифры өзге сандар арасынан табу.
Қажетті көрнекі құралдар: Шеңбер, шаршыға ұқсайтын заттардың суреті, бағыт бағдарды көрсететін сюжетті суреттер.
Әдіс - тәсілдер: практикалық, сұрақ - жауап, көрнекілік, әңгімелесу.
Мотивациялық қозғаушы Педагог балаларды тақтадағы суреттермен жұмыс істеуге шақырады:
- Балалар, суреттерді мұқият қарап шығыңдар. Суретті әңгімелеп береді
Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады. Қызы торда отырған арыстанды көріп, таңырқап, қасында тұрып қалады.
Оның қалып қойғанын байқамай алдыға түсіп жүріп кете береді.
- Қыз нешеу?
- Арыстан нешеу?

Ұйымдастырушылық - ізденістік Балалар сурет бойынша жұмыстан кейін, 1 саны таңбасы 1 цифрымен танысады. Педагог 1 цифры туралы өлең оқып беріп, оны балаларға жаттатады.
Бір дегенің бірінші,
Тұрады ғой қатарда.
Көтеріп ап танауын
Бастайды ол санауды.
Педагог балаларға сандар қатарынан 1 цифрының орнын тауып, сонша моншақты бояуды ұсынады.
Содан соң балаларға өзге цифрлар арасынан бір цифрын тауып, оны қоршап сыруға тапсырма береді.

«Арыстан». Сергіту сәті.
Мен мықты арыстан
Аңдардың патшасы.
Жауымның соғысқан,
Күл болар қаңқасы.
Педагог балаларға суреттерді қарап шығып, бірдейлерін бір - біріне қосуды тапсырады.
- Сендер қандай суреттерді бір бірімен қостыңдар?
Педагог балаларға бірінші және екінші қатардаға фигуралардың қалай орналасқанына назар аударуды ұсынады.
- Балалар, фигураларды дәл осындай ретпен орналастыра отырып, қатарды жалғастырыңдар. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?