Шуағын шашқан - аялы алақан

 Шуағын шашқан - аялы алақан

Жүргізуші:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осынау көктем мерекесі қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. «Шуағын шашқан - аялы алақан"» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Ән: «Анашым»

Енді алдарыңызда балаларыңыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар. Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.

Анашым деп мақтанам,
айналайын ақ анам!
Айналайын анашым,
әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
анамыздың мамасын.

Ақ қабақты анашым,
күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
айналайын анашым.
Ана – біздің күніміз.
Ана - біздің гүліміз.
Анашым жүрегім,
Өмірлік тірегім.
Аман боп жүрші тек,
Алладан тіледім.
Анашым анам
Ризамын саған,
Тіліңді алам,
Ақылды болам!
Әлпештеген баласын,
Ана, бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің,
Мақтан етер анасын

Ана өмір шырағы.
Ана өмір бұлағы.
(Осы сәтте есік қағып, көңілді әуенмен Маша жүгіріп келеді).
Маша: Достарға сәлем! Мен таныдыңдар ма? Мен Машамын ғой! Ең ақылды, ең көңілді, ең тәрбиелі қызбын. Мен сендердің әжелеріңді, аналарыңды және қыздарды мерекемен құттықтау үшін әдейі ертегілер елінен келдім.
Жүргізуші: Маша бізге сыйлыққа не әкелдің?
Маша: (ренжіп) мен гүл шоқтарын дайындап едім. Бірақ оларды жүріп келе жатып шашып алдым.
Жүргізуші: Балалар біз Машаға гүлді жинап көмектесейік.
Ойын «Гүл шоғын жинау»
(Балалардың көмегіне риза болған Маша билей жөнелді).
Жүргізуші: Маша сен қандай тәттіні жақсы көресің.
Маша: Үлкен торт, варение.

Жүргізуші: Жоқты айтпа! Бізде варение жоқ. Ал тәттіні мерекеден соң аласың. Сен тәттіні көп жегеннен тістің ауыратынын білмейді екенсің ғой.
Біздің балалар оны жақсы біледі. Жалпы денсаулық жақсы болу үшін дене шынықтыру мен шұғылданған жөн. Қазіргі біздің балалар өздерінің қандай күшті екендерін саған көрсетеді.
Балалардың биі.
(Маша балаларға алғысын айтып, ертегілер еліне кетеді).
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады.
Балалар: Көктемде!
(Залға вальс әуенімен қолында сыйлық салынған себеті бар көктем кірді).
Көктем: Сәлеметсіздер ме, Балалар, аналар!
Сағыныш пен жеткен,
Келді міне көктем,
Жайнап нұрлы гүлі,
Мерекеңіз бүгін,
Құтты болсын аналар!
Жүргізуші: Көктем, біз сенің келгеніңе өте қуаныштымыз. Балалар күннің шұғыласын, судың сылдырын сағынды. Қазір біздің Данара сіздерге арнап ән салып береді.
Ән: «Қошақаным»
Жүргізуші: Көктем, сен балаларға не әкелдің?
Көктем: Мен сендерге көктемнің шұғыласын әкелдім.
«Көктем» биі.
Көктем балаларға алғыс айтады.
Жүргізуші:
Ата - аналармен ойын. « Өз балаңызды табыңыз»
Шарты: 3 - 4 ата - ананың көзін байлап, ортадан өз баласын тапқызу.

Жүргізуші:
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз,
Қуанышты жүзіңізбен әр дайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.
Ән: «Құттықтаймын, ана туған күніңмен»

Жүргізуші: Құрметті аналар, апайлар осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.
Келгендеріңізге көп рахмет .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!