» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны мен цифры

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны мен цифры

Мектепалды дайындық сабақ жоспары:  3 саны мен цифры казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары:  3 саны мен цифры на казахском языке
1. 3 санның екі санның қосындысы түрінде, 3-тен кем санды 3-ке дейін толықтыру, мәні 3 - ке тең қосынды, оған кері айырма құрастыруды қалыптастыру.
2. Логикалық ойлауын, тура және кері санау дағдыларын, есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Ауызша жылдам есептеуге, жылдамдықта, тапқырлыққа, достыққа, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Көрнекіліктер: сандар кассасы, оқулық, суреттер, сандар, интерактивті тақта.
Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақтарды еске түсіру.
Дидактикалық ойындар
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.
Жұмбақ есеп
Мұғалім түсіндірмесі
Тақтамен жұмыс
Сергіту минуты
Логикалық тапсырмалар
Дәптермен жұмыс
Қорытынды.
Мадақтау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
Жылулық шеңбері. Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айту.
Шашы – алтын, көзі - от,
Шыға ғой, Күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған оған, досыма,
Тағы, тағы, тағы да!

- Оқу құралдарын алғызып, партада дұрыс отыруларын қадағалау.
Өткен сабақтарды еске түсіру үшін «Сан тастамақ» ойыны алты баланың алдына көрсетіп 0, 1, 2, деген сандарды тастаймын, «Ал балалар қараңдар сандарды ретімен санаңдар» дегенде, балалар ретімен тұра қалу керек.
1. Русланұлы Санжар
2. Каримжан Аяжан
- Ал, қалған балалар сол 0 - ден 2 - ке дейінгі сандарды кері кему ретімен санап береді. 2, 1, 0
«Кім тапқыр?» ойыны тақтаға мына сандарды іліп қандай сан жоқ екенін тапқызу. мысалы: 0, 1, 2 (жоқ сандар: 3 )
Жаңа сабақты меңгеру.

« Ой шақыру»
- Балалар мына көңілімізді бір көтеріп жұмбақ есепті шығарып жіберейікші

Жұмбақ есеп
Гүлдерге кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 2 туысын,
Ертіп ертіп келіпті бұл ара.
Барлығы қанша ара? (3)
Мұз айдында 1 бала,
Асыр сап жүр сырғанай.
Сырғанамай 2 бала,
Жағалауда тұр қарай.
Санап айтсақ ойланбай.(3)

- Балалар олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «3 саны мен цифры» деп аталады. 3 саны қасиетті сан мынадай халық аузында нақыл сөз бар: үш арыс, үш сауап, үш кедейлік, үш жүз, үш жұрт, үш мақсат, үш мақсат, үш арсыз, үш тәтті т б… сөздер бар халық аузында тараған. 3 киелі сан.
Тақтамен жұмыс:
1+2, 2+1, 1+1, 3 - 3, 1 - 1, 0+3,
Сандарды тура және кері санап беріңдерші.
0, 1, 2, 3
3, 2, 1, 0
- Бізге суретте неше аң берілген?
- Қайсысы қай баспада тұратынын анықтайық?

1 - тапсырма «Ойласаң ойлар жетелер»
Марат Қайраттың сол жағында отыр Қайрат Серіктің оң жағында отыр. Қай бала қайда отырғанын көрсет.
2 - тапсырма « Кім ұқыпты, кім шапшаң»
Үш вагонға аңдарды орналастыр
Сергіту сәті
Біз жаздық, біз жаздық,
Саусақтарды қозғадық.
Бір, екі, үш,
Демаламыз жинап күш.

Дәптермен жұмыс.
- 3 санын дәптерге жазу.
3 - анының цифрын ауада жазу;
3 санының цифрын екі жолға толтырып жазу.
3 - тапсырма « Ойлан тап»
Берілген үш матрешканың гүлі мен бантигін тап
4 - тапсырма « Аяқталмай қалған үш сөйлемді аяқта»
5 - тапсырма «Бояулар сыр шертеді»
Берілген үш хайуанаттың қорегін ғана бояп шық
6 - тапсырма « Ойнай да біл, ойлай да біл» ойыны.
Үш айырмашылықты тап.
Қорытынды:
- Нені білдік?
- Нені үйрендік?
- Бүгінгі сабақтан түйгеніміз не?
Мадақтау. Балалар, бүгінгі өткен сабағымызды өзімізді бағалап жіберейікші .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 77 | 19.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды 3 саны мен цифрыдайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, 3 саны мен цифры, мектепалды 3 саны мен цифрыдайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайы, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны мен цифры