» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Е дыбысы және әрпімен таныстыру

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Е дыбысы және әрпімен таныстыру

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Е дыбысы және әрпімен таныстыру казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Е дыбысы және әрпімен таныстыру на казахском языке
Мақсаты: Балаларға Е дыбысы мен әрпін таныстыру. Таныс әріптерден буындарды оқып айтуға, Е дыбысынан келетін сөзге дыбыстық талдау жасауға және Е әрпінің баспа түрін дәптерге жазуға үйрету.
Балалардың білімге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әріптер, суреттер, ДВД, диск, текшелер.
Әдіс - тәсілдері: Ой қозғау, көрсету, түсіндіру, ойын, ребус шешу, тақпақтар, сергіту сәті, ассоциация әдісімен ойын, қорыту.
Салалық байланыс: Тіл дамыту, Айналамен таныстыру, Көркем әдебиет.

Ұйымдастыру кезеңі.
Жыл мезгілі, ай аты, апта күнін пысықтау. Өткен оқу іс - әрекетін еске түсіріп, тақырыппен диск арқылы таныстыру.
- Балалар біз бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбын теледидардан тыңдап көрейік.
- Мынау Е дыбысының әріп таңбасы, бас әрпі, ал мынау кіші әріп таңбасы. Е дыбысы дауысты дыбыс, дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- «Е» дыбысының бас әрпімен қала аттарын, адам аттарын жазамыз. «е» дыбысының кіші әріп таңбасы сөздің ортасында аяғында да келеді.
- Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын.
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болсадағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
Балалар бұл не екен? (Ешкі)

Ашылып жабылады,
Әр үйден табылады.
Бұл не екен? (Есік)

Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Еменде бар,
Қайыңда жоқ.
Есікте бар,
Тұтқада жоқ
Бұл қандай дыбыс екен?

Балалар қане «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнап, Е дыбысынан келетін сөз ойлап табайық. (балалар бірнеше сөздер айтады)
Балалар қазір біз «Етік» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
Е - дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Ал таныс емес дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз? Енді әркім өз жолақшасына солдан оңға қарай текшелерді қойып дыбыстық талдау жасап шығыңдар.
Енді тақтаға назар аударыңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?
(тақтаға жеке балаларды шығарып жұмыс жасау)
Егін, ешкі, кесе, күрек, шелек.
Мен қазір сендерге Е әрпін тақтаға жазып көрсетемін, мұқият тыңдап көріп алыңдар. (тақтаға бірнеше балаға жаздыру)
Балалар енді біз дәптерімізді ашып қаламсаппен Е әрпінің баспа түрін ұқыпты, сызықтан шығармай әдемі етіп жазамыз.
Бой сергіту сәті.
Балалар әріптер туралы кім тақпақ біледі?
Әсел: Ж. Әбдірашевтің «Әріптер сыры» өлеңін білеміз.
Нұрталап: «А»- дегенім:
Алмұрт
Аузыңа сал бал жұт!
Нұраят: «Ә» - дегенім:
Әңгелек,
Әңгелегім дөңгелек.
Әнтек кіші бітімі,
Ол қауынның бір түрі.
Бекнар: «Б» - дегенім:

Бүлдірген,
Балдай дәмін кім білген,
Бүлдіргенді шекерге,
Батырып же бір - бірден.
Жансая: «В» - дегенім:
Витамин.
Витамин көп жемісте,
Витамин ғой, жеміс же!
Қанжар: «Г» - дегенім:
Гүл деймін,
Гүлге теңеу іздеймін.
Гүл деген мен, Күн анам,
Гүлдей жайнап, қуанам!
Жақсай: «Ғ» - дегенім:
Ғажап бақ.
Ғажап бақты аралап,
Ғалым – бағбан боламын,
Ғалам сылар бағалап.
Эльмира: «Е» - дегенім:
Ежігей.
Ежігейді ел білер.
Ерекше ас ол әрі,
Ежігей сүт тағамы.

Карточкамен жұмыс: Ойын: «Қай әріптен басталады?»
Балалар мынау қай әріптер біз танимыз ба? ГА; БЕ; ДЕ буынын оқу. Балалар біз сөз емес, буындарды оқыдық.
Ассоцация әдісімен: «Суретті дұрыс тап» ойынын ойнау.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін қорыту. Оқу іс – әрекетіне жақсы қатысқандары үшін балаларға гүл сыйлау арқылы көңілдерін көтеру......




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 69 | 19.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Е дыбысы және әрпімен таныстыру дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Е дыбысы және әрпімен таныстыру, мектепалды Е дыбысы және әрпімен таныстыру дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар м, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Е дыбысы және әрпімен таныстыру