Мерекеңмен Анашым

 Мерекеңмен Анашым

1 - жүргізуші:
- Қымбатты балалар және біздің құрметті қонақтарымыз. Міне, біздің ең тамаша жыл мезгілі көктем де келіп жетті. Күннің көзі қарды ерітіп, анамызға, әжелерімізге тіпті бүкіл дүние жүзінің әйелдеріне күлімдейді. Мейрамдарыңызбен қымбатты аналар. 8 наурыз мейрамы құтты болсын.
2 - жүргізуші:
Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық
Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
Залға музыка әуенімен ұл балалар келеді.

1-бала: Құрметті асыл аналар, қыз - қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар.
2-бала: Қар астынан қылтиыйып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді.
3-бала: Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қарды астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
4-бала: Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріміз, күн мерекеміз құтты болсын.
5-бала: Бүгінгі күн аяулы аналар сіздер үшін.
6-бала: Сәбилеріңіз сіздер үшін де ерекше күн болмақ. Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейіріммен, ақылмен, ыстық құшағында аялай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, көңілді күйіміз, демалыс кешіміз,
Барлығы: сіздерге арналады.
Ұлдар хоры: «Апам үшін»
1 - жүргізуші: Олай болса тақпақтарға кезек берейік.
Тақпақтар:
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейрамыңмен
Аяулы біздің аналар!
****
Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай!
****
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз!
****
Аялаған анамыз
Саялаған санамыз
Шынары боп өсеміз
Ана біздің гүліміз
Ұланды ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз!
****
Сегізінші наурыз келді
Шаттық сезім ап келді
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймын сіздерді!
****
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызыңмен!
****
Мен не керек
Бәрін іздеп табасың
Айналайын анашым
Жұмысыңа барасың
Қайтып мені көргенде
Шын сағынып қаласың
Ән: «Аяулы анашым»

Тақпақтар:
Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Мерекеде қыздарға
Достық жырын арнаймыз
*****
Үздік оқып сабағын
Бәрімізге жағатын
Кейде қырсықса
Түйіп алар қабағын
****
Мерекеде көктемгі
Жарқырайды көктегі Байқаймыз Еркелігін көктегі
Ойын: Кім жылдам?
Екі ана шығып балары әзірлеген дастархан басына келеді. 1 минутта бір картоп аршып, оны жеп үлгеру керек.
Ән: «Мерекеңмен» Жүргізушінің сөзі: Міне, құрметті абзал жанды аналар, әжелер. Сіздерді тағы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып. Бүлдіршіндердің дайындаған гүл шоғын қабыл алыңыздар. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі