Жыл басы - Наурыз

 Жыл басы - Наурыз

Мұғалім:
― Наурыз ― жыл басы, көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді. Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады, дастархан жайылады. Халық бір - бірін мерекемен құттықтайды. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады.
Наурыз мейрамы күн мен түн тепе - теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды.

1 - жүргізуші: Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек. (шашу )
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық.

Әже келеді. Шашу - қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты көп күткен жолаушы келгенде, құда келгенде, тағы сол сияқты зор жақсылық, қуанышты күндерде әйелдер құрт - кәмпиттен, күміс тиыннан шашу шашады. Шашылған шашуды тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.
Тақпақ (5 - оқушы)
Қонаққа Наурыз келеді. Балалармен қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс» ойынын ойнайды.

Мұғалім: «Арқан тартыс» ойынын түсіндіру
Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!- дей келе
Қыздардың «Әдемі - ай» биін тамашалаңыздар!

Тақпақ (5 - оқушы)
Тұсауыңды кесейін кірмеуіңді шешейін демекші қазақ халқының дәстүрінің бірі «тұсау кесер» рәсімін тамашалайық.
Тақпақ (5 - оқушы)
Мұғалім: Ұлы күнде халайық,
Қалай қарап қалайық,

Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық.
Қыдырдай атамызды
Ортаға шақырайық.!

Қыдыр ата:
Ау, аман ба, жарандар!
Алтын таңға қараңдар!
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Ән хор: «Айгөлек»
Тақпақ (5 - оқушы)

Мұғалім:
Ей, балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.

«Қыз қуу» ойыны
Мұғалім ойынның шартын түсіндіріп кетеді.

Мұғалім: Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
Бір әже наурыз көже жайлы мәлімет беріп кетеді.

Тақпақ (5 - оқушы)
Мұғалім: Жаңа күн ол ― жыл басы,
Жиырма екісі наурыздың.
Наурыз айда ― төл басы,
Бүршік атар бау біздің.- дей келе сегіз қырлы, бір сырлы жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.

Би (жігіттер)
Кел, балалар келіңдер.
Наурыз тойын тойлайық..
Баянды боп мереке,
Әсем әнді шырқайық

Ән «Наурыз»
Барлығы бірге: Ұлыс әр кез оң болсын,
Әр үйде ақ мол болсын.
Не тілесең сол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.

Мұғалім: Наурыз тойы құтты болсын,
Ел ырысы құтқа толсын.
Бақыт әкеп Ұлыс күні,
Бұзылмай ел тыныштығы
Бақыт құсы баққа қонсын!- дей келе «Жыл басы Наурыз» атты сынып сағатымызға келгендеріңізге рахмет! .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?