Құстар

 Құстар

Мақсаты: 1) Оқушылардың құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстардың пайдасын түсіндіру.
2) Ойлау қабілеттерін, сөздік қорын дамыту. Байланыстыра сөйлеуге үйрету.
3) Табиғатқа сүйіспеншілік, құстарға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Әдісі: әңгіме, ойын - жаттығулар, көрнекілік.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді сабақты тиянақтау
1. Көктем мезгілі, оның өзіндік ерекшелігі туралы сұрақ - жауап.
2. Көктем айлары.
3. Көктемдегі мерекелер.

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) - Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Құстар табиғаттың бір бөлігі. Құстар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.
Құстардың түрі өте көп. Олардың бәрі пайдалы,
Көктем мезгілі – құстардың туған жерге оралатын кезі. Құстар өздеріне ыңғайлы ұя салатын орын іздейді. Бірі батпақтан, енді бірі шөп - шаламнан ұя жасайды.
ә) Суреттер бойынша құстардың
түрлерімен таныстыру. Өздеріне таныс тағы да басқа құстарды білетіндерін
айтады, олар туралы әңгімелейді.

ІV. Суретпен жұмыс
Қарлығаш - киелі құс. Оның құйрығы айыр. Сол себепті оны басқа құстардан тез ажыратуға болады. Қарлығаш үй маңында ұя салады.

Ауламызға бау бүрлеп,
Шешек атып жайнайды.
Ақ тамағы бүлкілдеп
Қарлығаштар сайрайды.
Балалар, қарлығаш туралы қандай ертегі білесіңдер?

V. Құстарға байланысты өлеңдер айту
Құс келді,
Қар, су балып жөнелді.
Бүршік атып бар ағаш
Келіп көктем құстары
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
«Ағаш дәрігері»- деп аталатын қандай құсты білесіңдер?

- Дәрігермен орманға
Құрт, шіркей көп ол маңда
Тоқылдатып жатпаймын
Торғайларды баптаймын.

- Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып
Тоқ – тоқ соғады.
Тоқылдақ - орман құсы. Ол орманда өмір сүреді. Тоқылдақ ағаштарды құрттардан тазалап, оны шіруден сақтайды. Сондықтан оны – орман дәрігері деп атайды.

Үй құстары тақпақтар айту
Үйрек туралы өлең
- Үйректі
Жүзуге кім үйретті
Аулада
Жүруді ол сиретті
Күн шыққан кезеңде
Қашады өзенге
Тереңге сүңгиді,
Лайсаңда жүгіріп
Кір болу – мін дейді.

Үй құстарының суреттерін көрсете отырып, олардың аттарын атап, пайдасын әңгімелеу.

Үкінің суреті көрсетіледі.
- Үкі – айналасындағы заттарға екі көзбен бірдей қарай алатын құс.

Бүркіт – дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс.

Тотықұстың суреті көрсетіледі.
- Тотықұстың өте әдемі құс. Тотықұста үшінші аяқ бар. Ол оның бұтадан бұтаға ауысуына көмек береді.

- Аққу туралы әңгімелеу.

Аққу – құстың төресі
Ақ мамықтай денесі
Аққу - өте әдемі сұлу құс.
- Құстарға қамқорлық жасау туралы сурет бойынша әңгімелеу, өлеңдер оқып беру.
- Ұя жасап тақтайдан,
Талға апарып байладым.
Жыл құсының шаттанған,
Күттім қашан сайрауын.

- Тас атқылап торғайды
Қуалауға болмайды,
Қамқор болып құстарға,
Барлық адам қорғайды.

- Ағаштан жасалған құстың ұясын көрсете отырып құстарға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.

6. Құстарға байланысты жұмбақтар айтып шешу.
- Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады

Бұл не деген шебер еді
Ормандағы ағаштарды,
Тұмсығымен шегеледі.

- Жүні майда үлпілдеген -
Жағымсыз даусы күркілдеп,
Имен тұмсық, жез тырнақ,
Түнде жүрер бүлкілдеп.

7. Ойын: « Кім тапқыр»
Сурет бойынша үй құстары мен дала құстарының аттарын екі бағанаға бөліп жазып көрсету.
Үй құстары: ------ Дала құстары:
тауық -------------- торғай
әтеш --------------- қарлығаш
түйе тауық ------- үкі
балапан ---------- тоқылдақ
үйрек қаз --------- сауысқан

8. Қорытынды
Халықтық болжамдар.
1. Шағала келсе сең бұзылады.
2. Жаңбыр жауар кезде,
Қарғалар у - шу болып топталып ұшады.
3. Жыл құстары қаптап келсе, күн жылы болады.
- Құстардың тіршілігіне байланысты айтылатын халықтық болжамдарды айтып сабақты аяқтау.
Хор «Ақ көгершін» .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!