» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз на казахском языке
Сабақтың мақсаты: «ынтымақ» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:
- ынтымақ, бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;
- достық қарым - қатынастарын нығайту;
- татулықта, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүруге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші: Балалар, қане «Шаттық шеңберіне» тұра қояйық.
«Қазақстан - ортақ үйіміз» өлеңін айтайық.
Тілейміз – бейбіт күн
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір қалада тұрамыз,
Бір мектепке барамыз,
Біз балдырған тең басқан.
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз - бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан.

Әңгімелеу:
Тәрбиеші: Мен сендерге, балалар «Тас пен арбакештер» деген әңгіме оқып берейін. Мұқият тыңдап отырамыз.

Тас пен арбакештер
Бір күні тауда алай - дүлей дауыл соғып, найзағай жарқылдап, шелектеп жаңбыр төкті. Осындай дүлей желден тастың бір кесегі тау соқпағына құлап түсіп, жолды бөгеп қалды.

Ертесінде жарқырап күн шықты. Жолдан екі арба көрінді. Бұл қалаға тұз бен қарамайға кетіп бара жатқан дүкенші еді. Ол жолда жатқан тасқа жақындап, итеріп көріп еді, орнынан қозғалта алмады.
- Қандай, үлкен кесек! Мынаны орнынан қозғалту мүмкін емес. Бәлкім, менен де күштірек біреу келіп, төменге лақтырып тастар, күте тұрайын.
Бірер уақыт өткеннен кейін арбамен келе жатқан отыншы көрінді. Олда тасқа келіп, ары - бері итеріп көріп еді, орнынан қозғалта алмады.
- Енді не істейсің, күте тұрайық, мүмкін бізден де күшті біреу келіп, жолды тазартар.
Уақыт зуылдап өте берді. Жолда арбакештер бірінен соң бірі келіп, үлкен керуен болып қалды. Топтанған адамдар шуылдап, тасты қозғалта алмады. Бір кезде қолында таяғы бар, жаяу қарт адам көрінді. Ол арбакештермен амандасып, жөн сұрады.
- Сендер неге өтпей тұрсыңдар?- деді қария.
- Қалай өтеміз?
- Ақылмен.
- Бұған ақылдың не қажеті бар?- деді арбакештер ашуланып.
- біз қанша әуреленсек те, ешқайсымыз тасты қозғай алмадық.
- Ал сендер тасты бәрің бірігіп, қозғап көрдіңдер ме?
- Расында да! Қане, жігіттер, бәріміз бірігіп итеріп жіберейікші!
Арбакештер бәрі бірігіп, жиналып тасты төменге итеріп жіберді. Дәу тас гүрс етіп, төменге құлап түсті. Жол босап, арбакештер ары қарай жүре бастады.

Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, балалар арбакештер неге тасты өздері итеріп жібермеді. Оларға не жетпеді?

Тәрбиешінің толықтыруы: Арбакештер алғашқыда тосылып тұрып қалды. Олар бір - бірлеп тасты итере алмады. Сол кезде оларға ақылды қария көмекке келді. Қарияның ақылының арқасында олар тасты төменге итеріп жіберіп жолды тазартты.

Міне, балалар ауызбірліктің арқасында үлкеннің ақылын тыңдағаннан, олар бірігіп, жұмыла көтеріп тасты ап тастады.. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз осыдан қалған екен.

Қазақ ертегісі «Ырыс алды - ынтымақ»

Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп - тұрыпты. Олардың бұл қылығын айналасындағы көршілері күлкі етеді екен. Үлкені кішісін сабайды, кішісі үлкеніне ажырая қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баласын қалай ақылға салам деп қария көп ойланады. Айласы таусылған қария тоғайдан бір құшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады. Сонан соң:
- Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейін, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар,- дейді.
Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмайды, әбден титықтап шаршайды.
Қария енді тобылғының бауын шешіп:
- Енді бір - бірлеп сындырып көріңдер,- дейді.
Балалары тобылғыны сол заматта - ақ сындырып тастайды. «Міне, сындырдық»,- деп мақтанады. Шал балаларын отырғызып қойып сөзін бастайды:

- Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, достарың жоқ, бір - біріңе қас болсаңдар ертеңгі күні ендерді де жаңағы тобылғы ұқсатып сындырып тастайды, жан - жаққа шашырап кетесіңдер ау деп ойлаймын депті. Ал тату болып, бір - біріңді қамқорлап, көмектесіп жүрсеңдер буылған тобылғыдай сендерді ешкімде сындыра алмайды. Ауызбірлікте болып, тату жүргендеріңді қалаймын дейді қарт. Көп ұзамай қарт дүниеден өтеді. Балалары бар тіршілік, қиыншылық өздеріне түскенін түсініп, ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етуге көшеді. Бір - бірлеріне көмектесіп, татулықта өмір сүре бастайды. Содан соң бұлардың жағдайлары жақсарып, тұрмыстары түзеліп қалады. «Ырыс алды - ынтымақ»деген сөз осыдан қалған екен.

Сұрақ: Қарияның балалары неге буылған тобылғыны сындыра алмады?

Тәрбиешінің түсіндірмесі:
Шығармада қарияның балалары ауызбірліктері жоқ, әркімге күлкі болып, бет - бетімен кеткен еді. Қария ойлана келіп балаларын ақылмен, бірлесіп, ынтымақта өмір сүруге шақырды. Балалары әкелерінің айтқанын тыңдап, бір - бірімен тату болып, бірлесіп еңбек етіп, әкелерінің өсиетін орындапты. Осылайша олар кездескен қиыншылықтарды жеңіп, ауызбірліктерінің арқасында жақсы жетістіктерге жетіпті. Міне, әркімге күлкі болмай, жақсы өмір сүру үшін, татулық, бірлік, бір - бірін сыйлау керек екен.

Ойын «Қазақстанда тұратын халықтар»
Балалар шеңберге тұрып, бір - біріне допты лақтыру арқылы Қазақстанда
тұратын халықтарды атайды.

Әңгімелесу:
- Біз қай елде тұрамыз?
- сендердің туыстарыңның, көршілеріңнің, достарыңның арасында басқа ұлт өкілдері барма?
Тәрбиеші:
- Біздің ел – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда көптеген халықтар тұрады, олар бір - бірімен тату, дос бауырлардай өмір сүріп жатыр. Қазақстанды олар өз жерім, өз елім деп мақтан тұтады. Ынтымақта, бірлікте өмір сүріп жатыр. 1 - мамыр - Ынтымақ, Бейбітшілік, Бірлік күні. Ертең біз осы бірлік күнін тойлаймыз. Елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері өздерінің салт - дәстүрлерін, ән - жырларын көрсетеді.

Президентіміз, елімізді бірлікке, ынтымаққа, бейбітшілікке, татулыққа өмір сүруге шақырады. Сондықтан біз елімізді «Ынтымағы жарасқан ел»деп айтсақ артық айтқандық емес.

Дәйек сөз:
«Ырыс алды - ынтымақ» деген бүгінгі біздің сабағымыздың дәйек сөзі шығады, балалар.
- Ынтымақ болса, бірлік болады, бірлік бар жерде тірлік болады, балалар. Сыйластық, ынтымақ бар жерге, ырыс, береке қонады. Сондықтан да халқымыз:»Ырыс алды - ынтымақ»деп тегін айтпаған.

Дәптермен жұмыс:
Ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін атап, бояйды

Қорытындылау:
Тәрбиеші: балалар, біз бүгін ынтымақ, ауызбірлік, ұйымшылдық, достық туралы әңгімеледік. Осындай татулығымыздың арқасында, достығымыздың арқасында, ауызбіршіліктің арқасында барлық мәселелерді оңай шешуге болатынын түсіндік.
Отанымыздың көп ұлтты екенін, ондағы халықтардың достығы, татулығы туралы, киімдері, салт - дәстүрлері туралы білдік.

Олай болса, балалар, бірлігіміз, ынтымағымыз жарасқан, егеменді елміз деп айтуға әбден болады екен. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деп, бейбітшілік мәңгілік орнасын деп «Ақ көгершін»әнін айта қояйық.

Жүректен – жүрекке:
Ақ көгершін
Өлеңі: Н. Баймұхамедов
Әні: А. Жұбанов
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін.
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.
Ел тілегін алып ұш,
Адамзаттың бағына.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.
Көзін сенен алмайды
Ақ ниеті бар адам.
Ақ қанатың талмайды
Әділеттен жаралған.
Тыныш бейбіт өмірдің
Белгісі боп қанат қақ.
Әлемге ортақ көңілдің
Қайт шыңына қонақтап. .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 70 | 19.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз, мектепалды Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары , Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған Ынтымағы жарасқан елміз