Қ дыбысы мен әрпі

 Қ дыбысы мен әрпі

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Өткен сабақты еске түсіру, пысықтау.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыс нешеге бөлінеді?
3. Әріп дегеніміз не?
Әріптерді қайталау (АТПНҒРЛУШО) әріптерінен басталатын сөз ойлау, буынға бөлу, магнит тақтамен жұмыс

II. Жаңа сабақ.
- Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына жұмбақты шешу керек.
Жұмбақ: Қара күшік күзетте,
Ас ішпейді үрмейді.
Ол тұрған есіктен,
Ешкім үйге кірмейді.
Ол не балалар? (Құлып)
- Ал енді құлып сөзін буынға бөлейік.
- Құ-лып неше буын бар?
2 буын, өйткені 2 дауысты дыбыс бар.
- Құлып деген сөздегі ең бірінші тұрған қ әрпімен танысамыз.
- Қане айтып көрейікші.
- Қ дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.
- Қ дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Қ дыбысына қатысты сөздер ойлау.
Қуат, Қанат, құлып, қасық, қарбыз, қарақат, құлын, қалам. қарындаш.
Балаларға қол шапалақтату арқылы сөздерді буынға бөлу.
Қу - ат, Қа - нат, құ - лып, қа - сық, қар - быз, қа - ра - қат, құ - лын, қа - лам.

III. Сергіту сәті Қара жорға биін билету.
IV. Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізге Қ әрпін жазамыз.
1. Тақтаға жазып көрсету.
2. Ауаға жазып көрсету.
3. Дәптерге жазып үйрету.
«Дыбысты тап» ойыны.
- Мен дыбыстарды әндетіп айтамын, сендер Қ дыбысын естіген кезде, қолдарыңды
шапалақтаңдар. (дыбысты тыңдату)
А - А - А - П - П - П - Ғ - Ғ - Ғ - Р - Р - Р - О - О - О - Л - Л - Л - Н - Н - Н - Қ - Қ - Қ
Топпен жұмыс. Қ әрпіне суретті топтастыру.
Қ әрпінің жанына қ әрпінен басталатын суреттерді топтастыру.
Әріп кассасымен жұмыс
Кеспе әріптерден сөз құрау. Қар, қап, қол.

V. Қорытындылау.
- Балалар, бүгін біз қандай әріппен таныстық?
- Қ дыбысы қандай дыбысқа жатады?
VI. Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап, марапаттау.....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?