Бәрін білгім келеді

 Бәрін білгім келеді

«Бәрін білгім келеді»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін қорытындылау, одан әрі толықтыру. Балаларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа талпындыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, т. б.
Әдіс - тәсілдер: Көркем сөз, сұрақ - жауап, жұмбақтар, жаңылтпаш.

Жүру барысы:
Жүргізуші.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.

Құрметті апайлар, балалар бүгінгі мектепалды даярлық топтар арасында өткелі тұрған «Бәрін білгім келеді» атты сайысты тамашалайсыздар, яғни бұл сайыста балалардың барлық сабақ бойынша алған білімдері қаралады.
Ал, қанекей ағайын!
Жырдан шашу шашайын.
Басы болсын бұл тойдың,
Шырқап әнге салайын.
Ендеше «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар.

Ал, енді сайыстың шартымен таныс болайық. Жалпы сайыс 10 бөлімнен тұрады, ендеше сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
Сәлем сөздің анасы.
Балалар топтың атын және ұранын таныстырады.

1. Көркем сөз көңіл – тілі
Бұл бөлімде көркем әдебиет сабағы бойынша тапсырмалар беріледі.
Өлеңге әркімнің ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы,
Қазақтың келістірер қай баласы.
Бірінші тапсырма мәнерлеп оқу сайысы.
Екінші тапсырма жұмбақ шеш те ертегіні түсіндір.
Екі топқа жұмбақ оқылады, соның шешуінен шыққан жауапқа ертегі айту.
Бірінші топ: Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. \Қарлығаш\
Екінші топ: Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы. \Бидай\

2. Жаңылмасын тіліміз
Яғни тіл дамыту сабағы бойынша бірінші тапсырма:
Туған тілім табындырған талайды,
Ел ертеңі саған ғана қарайды.
Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда,
Ана тілім әрқашанда арайлы.
Әр топ білетін жаңылтпаштарын ортаға салады.
2. Схемалық сөйлемді құра.
Тақтада берілген ұяшықтар бойынша лепті, сұраулы, жай сөйлемдерді құрайды.
3. Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, отан - үлкен,
Қазақстан - туған жер.

Келесі бөліміміз « Отан отбасынан» басталады деп аталады.
1. Менің отаным үй тапсырмасы. Мына жерде сұрақтар бар сол арқылы жауап беру.
Сұрақтар: Қ. Р. рәміздері.
Отбасы
Балабақша.
2. Түйе малдың үлкені,
Жылқы малдың үркегі.
Сиыр малдың сүттісі,
Қой түліктің құттысы.
Үй жануарлары туралы не білесің, сурет бойынша сипатта.

4. Келесі бөлім: Оқы да біл, ойна да күл. Сауат ашу сабағы.
1. Мына жерден саны бар шаршыны таңдау, артындағы әріпке бірнеше сөз айту.
2. Тақтадағы шағын әңгімені оқу.
Келесі бөлім:
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Ұқыпты осындай,
Болайықшы досым-ай.
5. Валеология бойынша берілетін тапсырмалар.
1. Сезім мүшелері туралы.
2. Пайдалы тағамдар.
3. Мына суретте бала жолға шығайын деп жатыр, жолға керек затты ата.
4. Мына суреттен сезу арқылы табуға болатын суретті ата?

6. Келесі бөлім: Мен табиғаттың бөлшегімін.
Табиғатқа қамқор боп,
Байлығын біз қорғайық.
Әдептіде, тәртіпті боп,
Жақсыменен қолдайық.
Тапсырма капитан командаларына.
1. Бір аптада неше күн ба?
2. Бір күн нешеге бөлінеді?
3. Өлі табиғатты ата?
4. Тірі табиғатты ата?
7. Кім алғыр
есеп шығарудан сайыс.
8. Кен асылы жерде, тіл өнері елде.
Жалықпастан үйреніп,
Бірнеше тіл білеміз.
Орыс, ағылшын тілінде,

Еркін сөйлеп келеміз.
Орыс тілінен тапсырма:
Мына жердегі суреттің біреуін бір баладан келіп суырып, ондағы жыл мезгілін орыс тілінде әңгімелеу.
Ағылшын тілінен берілетін тапсырма:
1. Бас мүшелерін ата?
2. Қол саусақтарын ата?
9. Түрлі - түсті бояулар:
Қарындашты, дәптерді,
Сақадай қып сайладым.
Суретін мен көктемнің,
Салмақшы боп ойладым.
Екі топтан екі бала шығып еркін тақырыпта сурет салу.
10. Дене пәнінен жаттығулар, ойын.
Сайыс соңында балаларға марапаттау қағазы, сыйлықтар беріледі......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі