Бір уыс мақта

 Бір уыс мақта

Мақсаты:. Әңгіме мазмұнымен таныстыру, түсінгенін айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Еңбекқорлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ыбырай Алтынсариннің портреті, мақта және әңгімеге байланысты суреттер.
Сөздік жұмыс: шапан, мамық, қиқым,
Әдіс - тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету

Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер
- Ал балалар, шеңберге тұрамыз. Алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.
Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз
Сәлемдесейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Дидактикалық ойын: «Тауып көр»
Ал балалар мен сендерге бірнеше ертегілер бейнеленген суреттер көрсетемін, ал сендер қандай ертегіден екенін тауып көріңдер.
Қыз бен мысықтың бейнеленген суреті, бұл«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Тышқан мен нанның бейнеленген суреті, бұл «Нан қайдан шығады?» әңгімесі
Ана мен бала тұрған сурет, бұл «Не сыйлау керек?» әңгімесі
Ал енді біз бүгін Ы. Алтынсариннің жаңа әңгімесімен танысамыз, алдымен Ы. Алтынсариннің кім екенін білейік.
Бұл суреттегі Ы. Алтынсарин қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы, тұңғыш рет қазақ даласында мектеп ашып балаларға сабақ берген және балаларға арнап көптеген өлеңдер, ертегілер, әңгімелер жазды. Бүгін мен сендерге автордың «Бір уыс мақта» атты әңгімесін оқып беремін.
Әңгімені мәнерлеп оқып беру.
Шапан, мамық, мақтаның қиқымы суреттерін көрсете отырып, сөздік жұмыс жүргізу.
Шапан - астарына жүн не мақта салып тігілген сырт киім.
Мамық - құстың үлпілдеген мамық жүні
Қиқым - бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы, мақтаның қиқымы.
Әңгіме мазмұнына байланысты сұрақтар қою.
- Үйдегі анасы мен қызы не істеп отыр еді?
- Қыз артылып қалған бір уыс мақтаны не істеді?
- Мақтаны не іліп алып кетті?
- Торғайға мақта не үшін қажет болды?

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Құстай қанат қағайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Әңгіме мазмұнын айтқызу.
Өлең жаттау:
Балалар «торғай» туралы өлеңді жаттап алайық.
Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
Кубизм стратегиясы:
Балалар менің қолымда мақта, осы мақтаны бәріміз зерттеп, суреттеп, қолдануы жөнінде анықтап көрейік.
Мақта неден жасалады?
Ол қандай?
Оны қайда қолданамыз?
Балалар мына әңгімеге байланысты сурет бойынша кім әңгіме мазмұнын айтады?
Қорытынды:
Бұл әңгіменің авторы кім?
Бұл әңгімеден нені ұқтыңдар? Яғни кезкелген нәрсенің өзі пайдаға асатынын білдік. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!