Көктем келбеті

 Көктем келбеті

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. Көктем мезгілі туралы балаларға білім беру. Табиғаттағы құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс – әрекеттері туралы әңгімелеу. Табиғатты сүюге, одан ләззат алуға еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көктем туралы суреттер және үлестірмелі суреттер.
Әдіс – тәсілдер: салыстыра сөйлету, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту. Шаттық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы күн, балалар!
– Балалар, жылдың неше мезгілі бар?
– Мен сендерге мынадай жұмбақ – өлең жолдарын оқимын, сендер мұқият тыңдап
отырыңдар.
Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай – салаға толады.
Ағаш басы бүршік шашып,
Гүл, бәйшешек толады.
Бөбектерім айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады? – деп ойлайсыңдар.

– Неге көктем деп ойлайсыңдар?
– Көктемде жерде қар ериді.
– Көктемде неше ай бар?
– Көктемде үш ай бар: наурыз, сәуір, мамыр.
– Көктем қай айдан басталады?
– Көктем мезгілінің қыс мезгілінен қандай ерекшелігі бар?
– Ағаштар бүршік жарады, құрт – құмырсқа тіріледі.

ІІ. Тақтаға көктем туралы сурет іліп, сол туралы әңгіме құрату.
ІІІ. Дидактикалық ойын: «Жоғалған сөздер».
Көктем....
... жылынды.
Жер....
Құстар.......

Сөздерді буынға бөлу: көктем, жылы, құстар, наурыз.

ІУ. Сергіту сәті.
Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Жерге ырғалып жайқалған.

У. «Жақсы – жаман» ойыны.
Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге
үйрету.
Ойын барысы:
1. Ағаштың бұтағын сындыру – жаман.
2. Ағаштағы құстың ұясын бұзу – жаман.
3. Құстарға ұя жасау – жақсы.
4. Гүлдерге су құю – жақсы.
5. Ағаш бұтағындағы құсты рогаткамен ату – жаман.
6. Далада өсіп тұрған гүлдерді жұлып, бүлдіру – жаман.
7. Жайлауда қошақанға емізікпен сүт беру – жақсы.

УІ. Дидактикалық ойын. «Орныңды тап».
«Сөзді есіңде сақта» ойыны.
Көктем – жаңбыр
Жаз – күн шықты
Аспан – бұлт
Жер – шөп
Ағаш – жапырақ.

У. Сабақты қорытындылау.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау.
«Қуанышты хабарлама жіберу». .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!