Нан дастарханға қалай келеді

 Нан дастарханға қалай келеді

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Айналамен таныстыру
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ақыл - ой белсенділігін арттыру. Өлең, нақыл сөз, мақал - мәтел арқылы тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Жаңа сөздер: наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, элеватор.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сергіту, ойын, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Көрнекі құралдар: Еңбек адамдарының суреттері, нан түрлерінің суреттері, нан, бауырсақ, ойынға дидактикалық құралдар, ұн, смайлик.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу, сауат ашу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбер: Жаңбыр, жаңбыр жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың,
Тазартасың ауасын.
- Балалар көңіл - күйлерің қалай?
- Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер?
- Қол шапалақтаймыз.
- Ренжігенде, қабақ түйеміз.(балалар қабақтарын түйеді)
- Қорыққанда, көзімізді жұмамыз(балалар көздерін жұмады)
- Қуанғанда, күлеміз.
- Ендеше, балалар, қазіргі көңіл - күйлеріңді алдарыңдағы смайлик арқылы көрсетіңдер.
- Жарайсыңдар, барлығымыздың көңіл - күйіміз жақсы екен, олай болса оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.
- Балалар, алдарыңдағы суреттерден, тақтадағы көрнекіліктерден байқап отырған боларсыздар, бүгін не туралы айтайын деп тұрғанымызды.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
- Міне, біздің алдымызда дастархан жаюлы тұр. Оның үстінде нандарды көріп тұрсыңдар. Енді біз осы дастарханға нан қалай келетінін мына суреттерден көретін боламыз.
- Көктемде мына суреттегі тракторлар жерді жыртып, жерге мынадай бидай дәнін себеді. (балаларға бидайды көрсетеміз)
- Диханшылар жаз бойы егілген дәндерді суарып, күтіп - баптайды. (дихан сөзіне түсінік беріп кетеміз)
- Күз болғанда жайқалып, бидай өсіп шығады. Өсіп шыққан бидайды комбайншылар орып, машиналарға салып береді. (комбайн сөзіне тоқталып кету)
- Көліктер оны элеваторға тасиды. Элеваторда бидайды жылдап сақтауға болады. (элеватор сөзіне тоқталу)
- Қажет бидайды диірменге апарып, одан ұн жасап шығарады. (диірмен сөзіне тоқталу) Балаларға ұнды көрсетеміз.
- Дайын болған ұннан наубайханаларда түрлі нан өнімдерін шығарады.
- Міне, балалар, біздің дастарханымызға нан осындай көп еңбектің арқасында келеді екен.
Тақтадағы ұннан жасалған өнімдер туралы суреттерге тоқталу.

Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық?»
Ойынның шарты: Берілген суреттердің ішінен нан өнімдеріне жатпайтын тағам түрлерін шығарып тастаулары керек.
Айналамен таныстыру әліппе - дәптерінен берілген тапсырманы орындау.

Дидактикалық ойын: «Дұрыс орналастыр»
Ойынның шарты: Ұн, бидай, нан суреттері беріледі. Сурет астындағы сөзді оқып, ретімен орналастырулары керек.

Сергіту сәті: Көктемде жерді жыртамыз,
Тегістейміз тырмалап.
Дәндерді оған егеміз,
Жайқалып егін шықсын деп.
Күз болғанда орамыз,
Нанға біздер тоямыз.(қимылмен көрсету)
Жұмбақ жасыру: Ұзын мұртты сарылар
Қойнында дәні бар. (бидай)
Балаларға бидайдың суретін салғызу.
Тыйым сөздер: 1. Нанды бір қолмен үзбе.
2. Нанды, дастарханды баспа.
3. Нанды төңкеріп тастама.
4. Нанды аяққа баспа.
Мағыналарын түсіндіру.

Дидактикалық ойын: «Тез ойла»
Ойынның шарты: Мамандық түрлері аталады. Солардың ішінен тақырыпқа сай мамандық иелері аталса балалар қол шапалақтаулары керек. Мыс. Мұғалім, егінші, дәрігер, комбайншы, тракторист, наубайханашы, есепші, диханшы, т. б.
Барлығымыз бірге. Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Қорытынды.
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекеті барлығыңа түсінікті болды ма? Егер барлығыңа ұнаса, қолдарыңдағы смайликті көтереміз.
- Рахмет, балалар, жарайсыңдар! .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?