» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қыс – ғажайып мезгіл

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қыс – ғажайып мезгіл

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қыс – ғажайып мезгіл казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қыс – ғажайып мезгіл на казахском языке
Құзіреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс - әрекет мақсат - міндеттері:
Ақпараттық құзіреттілік: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгіліндегі табиғаттағы тіршілік туралы білімдерін жинақтау, таным белсенділігі деңгейіне қарай белгілі ақпараттарды құрылымдау, балалар меңгеруге тиісті ақпараттарды алгоритмдеу арқылы меңгерту. Коммуникативтік құзіреттілік: Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы қыс мезгілінің айырмашылықтарын айқындау. Қыс мезгілін толық сөйлемдермен сипаттауға үйрету. Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөздік қорын байыту, қойылған сұрақтарға нақты жауап беру және бірін тыңдай білу қабілеттерін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасау, жақсы қарым - қатынаста болу қабілеттерін дамыту. Проблеманы шешу құзіреттілігі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіну, оларға сәйкес кездесетін проблемаларды шеше білуге үйрету. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысында жұмбақ, ребус, сөз жұмбақты шешу, дидактикалық ойындарды берілген шарт бойынша орындауға дағдыландыру. Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыс мезгілінің жаз мезгілімен салыстыруды біледі.
Баланың меңгеруі: Балалардың сурет бойынша әңгіме құрастыру мен әңгіме барысында бір бірін тыңдай білуді меңгереді.
Баланың жасай алуы: Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысында жұмбақ, ребустарды шешіп, дидактикалық ойындарды берілген шарт бойынша орындай алады.
Әдіс - тәсілдері: АКТ, дамыта оқыту, ойын сөздік, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрнекілік - суреттер көрсету, практикалық – жұмбақтар, ребус, ойындар ойнау.
Көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, қыс мезгілі бейнеленген суреттер, жұмбақтар, ребус, ойындар ойнау.
Тілдік компоненті: Қыс - зима, желтоқсан - декабрь, қаңтар - январь, ақпан - февраль.
Тәрбиешінің әрекеті
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?

- Дұрыс. Балалар қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Қыс мезгілінің орысша атауы - зима. Қыс мезгілінің желтоқсан - декабрь, қаңтар - январь, ақпан - февраль айлары бар. Балалар бүгін мен сіздерге көптеген қызықты тапсырмалар дайындап қойдым, белсенді қатысқандарға сыйлыққа ұлпа беріледі, барлығы аяқталған соң, біз оларды санаймыз, жүлдегерлерді атаймыз.
- Дұрыс. Балалар енді қыс туралы келесі мәтінді тыңдауға ұсынамын сіздерге.
Қыс
Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Күн суық, аяз. Ағаштардың бұталарын қырау басқан. Балалар аулада ойнап жүр. Біреуі коньки теуіп, ал кейбірлері жотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалардың бәрі көңілді, жүздерінен шаттық нұры ойнайды. Балалар қардан аққала жасады. Аққаланың көзін көмірден енді біреуі мұрнын сәбізден жасады. Ал басына қалпақ кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатып қойды. Балалар істеген жұмыстарына қуанады. Қарға су құйып сырғанақты жасап үлгерді..
- Жарайсыңдар, балаларым! Жоғарыда айтылған әңгімелерімізде балалардың қыстағы қызығы туралы, ал ормандағы мекендеушілерді есімізге алайықшы, ол үшін менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер...

1. Белестен шапқан бесті ат
Бүкір келген келісті ат
Бейғам елді іздейді
Малдан күдер үзбейді
2. Өзі айлакер, өзі қу
Жүрген жері айқай – шу
3. Орманнан, жалпақ даладан,
Бал іздеп, бірақ жортады.
Кіп - кішкентай арадан,
Үп - үлкен боп қорқады
4. Итке ұқсаған ізін - ай
Оны қалай десек те,
Ал бір жері қызық - ай
Ұқсап - ақ тұр есекке
- Дұрыс таптыңдар! Ал, осы жануарлар қыс мезгілінде қалай тіршілік екендігі туралы айтып көрейікші.

Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық, алақанды ұрайық,
Оңға қарап иіліп, солға қарай иіліп
Бір отырып, бір тұрып, бір тынығып алайық.
Орнымыздан тұрайық, белімізді жазайық.
Жоғары төмен қарайық, солға түзу тұрайық.
Алға қарай бір адым, артқа қарай бір адым
Бойымызға күш жинап,
Бірге осылай дем алайық. .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 116 | 11.03.2019


Загрузка...
Читайте также
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көңілді қыс және қысқы ойындар
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көңілді қыс және қысқы ойындар
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аппақ қар
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аппақ қар
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ғ дыбысы мен әрпі
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ғ дыбысы мен әрпі
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстардың қысқы тіршілігі
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстардың қысқы тіршілігі
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жыл мезгілдері жаз күз
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жыл мезгілдері жаз күз
Мектепалды дайындық сабақ жоспары:  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
Балабақша сабақ жоспары: Жабайы жануарлардың тіршілік мекені
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Жабайы жануарлардың тіршілік мекені
Балабақша сабақ жоспары: Үлкен - кіші ұғымы
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Үлкен - кіші ұғымы

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Қыс – ғажайып мезгіл дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Қыс – ғажайып мезгіл, мектепалды Қыс – ғажайып мезгіл дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды д, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қыс – ғажайып мезгіл