Д дыбысы және әрпі

 Д дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты: 1. Д дыбысы және әрпімен таныстыру. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Жаңа дыбыстың орнын анықтау.
2. Дыбысты дыбысқа қосып, буынды буынға қосып сөз жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Сабаққа деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3. Зеректікке, ұқыптылыққа адалдыққа баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жинақтау, ауызша, жазбаша.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
Кел, балалар оқылық
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей - ақ табылар
— Білім алуға үлкен мән беретін біздің президентіміздің өзі сендерге әр күні сабақтан қаламай, сапалы да саналы білім алып болашақта еліміздің туын көкке желбірететін келешек ұрпақтары болады деген сенім артып отыр.
— Ол сенімді ақтау үшін, біз не істеуіміз керек?

II. Ой қозғау.
— Сонымен бізде қазір қандай сабақ?
— Сауат ашу сабағында нені оқып үйренеміз?
— Оқуды, жазуды оқып үйрену үшін біз не білуіміз керек?
— Әріп дегеніміз не?
— Дыбыс дегеніміз не?

III. Өткен сабақты пысықтау.
— Сонымен өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?
Д/о «Сөз ойла, тез ойла» (әр дыбысқа екі сөзден үш тілде. слайд)
Біз сонымен қатар өткен сабақта қандай қазақтың ұлттық аспабымен таныстық? Қобыздан басқа қазақтың ұлттық аспаптары көп екен. Қазір біз сендермен жақсы бір әуен тыңдаймыз.
(С. Тұрысбеков «Дарабоз» күйі)

IV. Жаңа сабақ.
Күй тыңдату. Бұл әуен қандай аспаппен орындалған? (слайд)
Домбыра туралы не білеміз? (Балалардың жауабы тыңдалады. Тәрбиеші толықтырады).
Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Домбырамен күй тартады. Жыр, толғаулар, термелерді сүйемелдеуге қолданады.
Домбыра.
Дыбыстық талдау жүргізу. Буынға бөлу, қанша дауысты, қанша дауыссыз дыбыс екендігін табу.
Домбыра сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп отырсыңдар?
Д д д – қайталау.
Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Д дыбысы мен әрпі.
Д дыбысының таңбасы. Яғни қай түрін көріп тұрмыз? Баспа. (слайд)
Д дыбысы бар қандай сөздер білеміз? (балалардың жауабы)
Жаңа сөздермен таныстыру (долана, дуадақ, дауыл, дауылпаз)
Д/о «Кім жылдам?» ( дәптер, доп, дос сөздері туралы не білетіндерін айту)
Электрондық оқулықпен жұмыс (сөздерге сөйлем құрату)
Дәптермен жұмыс. Сөздерді буынға бөлу. Буындарды оқу. (слайд)

Сөздік жұмысы
Дара – жеке, жалғыз деген мағына береді.
Доға – қисық сызықтың бойындағы кез – келген екі нүкте аралығындағы бөлігі. Шеңбер бойындағы екі нүкте оны екі доғаға бөледі.
Дана – білігі мен тәжірибесі мол, рухани әлемі бай, ой - сезімі сергек тұлға. Дәстүрлі қазақ ұғымында «ақылды, парасатты, рақымды адам» деген мағына береді.
Дода – жарыс, байқау сайыс деген мағына береді

V. Сергіту сәті. (музыкамен)
1. Д жазудың жазба үлгісін көрсетіп, бас және кіші әріптерінің элементтерімен таныстыру.
2. Ауада жазу. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады.
3. Д/о «Буынға буын қос» (буындарға буын қосу)
Дәп -
Да -
До -
Да -

VII. Жаңа сабақты бекіту.
Жаңылтпаш жаттау. (Доп теп, дөп теп)
VIII. Сабақты қорытындылау.
Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?

IX. Мадақтау. Сендер өз еңбектеріңмен жақсы нәтижеге жеттіңдер, — деп мақтау тәсілін жүргізу. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?