Геометриялық пішіндер

 Геометриялық пішіндер

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Балаларды көлемді денелер (шар, текше, конус) туралы түсінікті нақтылау, геометриялық пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге, геометриялық пішіндердің өмірде қажеттілігін түсінуге үйрету. Қоршаған ортадағы сәйкес пішіндегі заттарды тауып үйрену.
Дамытушылығы: балалардың есте сақтау қабілеттерін шыңдау, ой - өрісін дамыту, және жетілдіру Сөздік қарым - қатынастарын байыту
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Керекті құралдар: геометриялық пішіндер, суреттер, көз байлауға орамал, таяқшалар.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ойын, жұмбақ, көрсету.
Түрі: қайталау сабағы
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, көркем әдебиет.

Ынталандыру,
Сезімдерін ояту.
- Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу - іс әрекетіміз, математика сабағына қонақтар келіпті. Шаттық шеңберіне шығып сәлемдесейік.
- Өте жақсы, балалар! Бүгін класта кезекші кім?

Ұйымдастыру, іздену.
Балалар бүгінгі сабағымыз, сендердің осы уақытқа дейін алдыңғы сабақтарда үйренген геометриялық пішіндерді қайталау. Барлығымыз математика әліппе дәптерімізді ашып қарайық. Бүгінгі қайталау сабағымыздың тақырыбы: текше, шар, цилиндр.
Яғни геометриялық пішіндерді қайталау.
Балалар біздер қандай пішіндерді білеміз.
Олай болса дәптердегі тапсырманы орындайық.
1 - тапсырма: жапсыру, конус, цилиндр, шар, текше, тік төртбұрыш берілген. Осы пішіндерге
ұқсас заттарды тауып, жапсыру.

2 - тапсырма: Өзгерт
Бұл тапсырмада пішіндерді өзгертіп саламыз, пішіндерді үлкендерін кішірейтіп, кіші пішіндерді үлкейтеміз. Түстерін өзгертіп бояймыз. Нүктелердің
сандарын көбейтіп, азайтып саламыз

3 - тапсырма: Суретте не бейнеленген?
Кішкентай пирамида нешеу?
Үлкені ше?
Сонда барлығы нешеу болады?
Дұрыс - ақ, ендеше дәптеріміздегі торкөздерге
жазайық.

4 - тапсырма: 7 - 8 сандарын бастырып сала қояйық

5 - тапсырма: Пішіндермен салынған гүлді көшіріп саламыз
Сергіту сәті
Бойды сергек тік ұста
Емін еркін тыныста,
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үш бұрыш сыз ауада.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қолың да бос тұрмасын.
Шеңбер жасап тынбасын.

Балалар енді геометриялық пішіндерге байланысты жұмбақтарды шешіп көрейік.
Пішіндерге байланысты жұмбақ.
1. Төрт қабырғасы тең болса,
Төрт бұрышы тең болса,
Жауап берер балақай,
Ой өрісі кең болса,
Бұл қандай пішін?

2. Бұрыштарын табамыз,
Бұған келер шамамыз,
Төбесінен сырғанап,
Құлап қалсақ күлеміз.
Бұл қандай пішін?
3. Емес бұл төртбұрыш,
Мұнда мүлде жоқ бұрыш
Бұл қандай пішін?

Балалар, алған білімдеріңді тексеру үшін ойын ойнағым келіп тұр.
Дидактикалық ойын:
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқсас затты тап!
Сипап сез?
Қай пішін жоқ?
Ұқсас пішінді тап?
Балалар, мен сендерге риза болдым. Енді геометриялық пішіндерден құралған жұлдызша таратқым келіп тұр. Өмірде үлкен асулардан өтіңдер, болашақтарың әрқашан жұлдыздай жарқырап тұрсын.

Қорытындылау.
Өзін - өзі бағалау. Адамның жан дүниесін және мінез - құлқын білу.
Тәрбиешілердің алдына шеңбер, үшбұрыш,, төртбұрыш,
тік төртбұрыш пішіндері қойылады. Әр тәрбиеші қай пішінді таңдаса, сол тәрбиешінің жан дүниесін және мінез құлқын білуге болады.
Шеңбер таңдаған – ол мейірімді адам.
Үшбұрыш таңдаған - ол көшбасшы адам.
Төртбұрышты таңдаған - ол еңбекқор адам.
Тіктөртбұрышты таңдаған адам - ол білгіш және өзіне сенімсіз адам.

Тәмам болды осымен,
Ашық сабақ біздегі
Қошемет, сын сіздерден,
Рахмет айту біздерден.
Сау - саламат болайық. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?