» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұ дыбысы мен әрпі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұ дыбысы мен әрпі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары:  Ұ дыбысы мен әрпі казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары:  Ұ дыбысы мен әрпі на казахском языке
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Ұ дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұ дыбысы кездесетін сөз, сөйлем ойлатып, оларға дыбыстық талдау жасатуға үйрету. Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру. Ұ дыбысы бар сөздерді оқыту, жаздыру, осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып, ойларын өрбіту. Балалардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыту.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, ойындар
Көрнекі құралдар: Слайд, бейне материалдар, суреттер, буындар, кеспе әріпте, ойын материалдары, карточкалар.

Мотивациялық – қозғаушылық Психологиялық дайындық
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын көк аспан.
Мықты болсын іргеміз,
Бәрімізде біргеміз.

Ұйымдастыру - іздестіру
1. Өткен сабақты қайталау.
- Балалар өткен оқу іс - әрекетімізде қандай әріппен танысып едік?
- Ол қандай дыбыс? Қандай текшемен белгіленеді?
- Мына тақтада көрсетілген сөздерді оқыңдар.
Жа - нар. Жай - лау. Жас - тық. Жа - пы - рақ.
- Енді балалар алдарыңдағы кеспе әріптермен жаға сөзін жазып, дыбыстық талдау жасаймыз. Бір бала тақтада орындайды.
2. Жаңа тақырып.
- Балалар бүгін біздер сиқырлы әріптермен танысуды әрі қарай жалғастырамыз. Ол үшін ен сендерге жұмбақ жасырамын.
а) Жұмбақ
Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,
Жүрсе де сондай биікте.

Талдың басында,
Жемi бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы.
Дұрыс айтасыңдар. Енді мұқият тыңдайықшы. Осы ұ - шақ, ұ - я сөздерінде сөздің басында қандай дыбыс естіп тұрмыз.

ә) Әріп туралы түсінік беру
Әрине, бүгін біздің танысатын сиқырлы әрпіміздің аты Ұ деп аталады.
Енді дыбыстың айтылуына мән беріңдер. Ұ - ұ - ұ
Қалай дыбысталып тұр?
Егер, созылып, әндетіп айтылса, ол қандай дыбыс болғаны? Қандай текшемен белгілейміз?
Ұ - жуан дауысты дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында кездеседі. Сөз соңында кездеспейді.
б) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Ұ дыбысы кездесетін сөздер ойлап табу

в) Бейне материалдан Ұ дыбыс кездесетін сөздерді қарау
г) Дыбыстық талдау жасау
құ - дық, ұ - лу, бұ - зау

д) Әріп таңбасын салу
Тәрбиеші әріп таңбасын салып көрсетеді (Тақтаға, ауаға)
е) Дәптермен жұмыс

ж) Сергіту сәті
з) Сөздерді оқу
Тіл ұстарту жаттыығуы арқылы сөздерді оқу
Нұ - нұ - нұр
Бұ - бұ - бұр
Құ - құ - құр
Сұ - сұ - сұр
Құ - лан Бұ - лан Ұ - лу Сұ - лу

и) «Сиқырлы ұяшықтар» ойыны
Суреттер арқылы, дәптердегі ұяшықтарға сөздер жазу.
Сызба арқылы сөйлем ойлау
й) Жеке жұмыс
Карочкамен тапсырмалар беру.....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 132 | 11.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Ұ дыбысы мен әрпі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Ұ дыбысы мен әрпі, мектепалды Ұ дыбысы мен әрпі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайы, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұ дыбысы мен әрпі