Жан-жануарлар туралы жұмбақтар

 Жан-жануарлар туралы жұмбақтар

Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай - шу. (Түлкі)

Бір аң бар қайраты көп, болған күшті
Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елде іздейді,
Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)

Орманда жоғары
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға етіп,
Тарсылдатып соғады. (Тоқылдақ)

Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды (Бұлбұл)

Бір топ жынғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл. (қырғауыл)

Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып (Аққу)

Таусылама, қараңдар,
Табиғаттың қызығы?
Суық жақтағы жануар –
Бұтақ - бұтақ мүйізі. (Бұғы)

Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза. (Мысық)

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен. (Аю)

Санай алмай шаршадым –
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа. (Кірпі)

Бітімі, тұрқы –
Аумаған жылқы.
Мәйкесі жолақ –
Айыбы сол - ақ. (Зебра)

Басында көп - ақ бұтағы,
Адамды көрсе зытады. (Бұғы)

Тастай қатты бұл шапан,
Қалай жуып жұмсартам? (Тасбақаның сауыты)

Тұмсығы дөңгелек,
Денесі он бөлек. (Шошқа)

Жұмыр тасты төрт аяқ
Көтеріп тұр, көп таяп. (Тасбақа)

Доп пішіндес тасты
Бауырына басты (Жұмыртқа басқан құс)

Секіреді –
Бала емес.
Сақалы бар –
Шал емес. (Серке)

Апан - апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)

Тастамайды бір елі,
Үйін сүйреп жүреді. (Ұлу, немесе тасбақа)

Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады. (Мысық)

Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы,- деп,
Қайсы құсты мақтаймыз. (Көгершін)

Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен, ұстайды. (Балық)

Күндіз соқыр не деген?
Түнде қалай көреген? (Үкі)

Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласың,
Салып алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын. (Кенгуру)

Жер бетінде жатқан арқан,
Ұстауға оны бәрі де қорққан. (Жылан)

Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім. (Бүркіт) .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі