» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Р дыбысы және әрпі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Р дыбысы және әрпі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Р дыбысы және әрпі казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Р дыбысы және әрпі на казахском языке
Сабақтың мақсаты: Жаңа дыбысты қатыстырып сөз, сөйлем ойлату арқылы баланың логикалық ойлауын, сөздік қорын дамыту.
Білімділік мәні: Балалардың Р р дыбысы мен әрпімен таныстыру. Р р дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сауат ашу және жазу дәптеріне Р р әрпінің жазылу таңбасын үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық мәні: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын арттыру, еркін сөйлеуге және сөздерден сөйлем құрай алуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиешілік мәні: Балаларды достыққа, мейірімділікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Кеспе әріптер, магнит тақта, тірек сабақ, дидактикалық ойын, ғажайып кезең, буындар текшелер.
Әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап; түсіндіру.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбер
Балалардың бір - бірлеріне жүрек жылуларын сыйлау.
Темірлан сен ұқыпты баласың. Дарина сен әдепті баласың. Шарапат сен еңбекқор баласың.
Балалардың А, Т, П, Н, Ғ - алдарында таңбалары жазылған әріптерімен шеңбердің ішінде тұрады.
Р әріпі жазылған бала А, Т, П, Н, Ғ таңбалары бар балаларға қосылмақшы болады. Р әрпінің таңбасы жазылған бала шеңберде тұрған балалардан сұрайды, сендер кімсіңдер?
«А» Алма, алмұрт егеміз
Айға сапар шегеміз
Алақай - ау алақай
«А» дыбысын білеміз
Мен «А» әріпімін

«Т» Тайға мініп шабамыз
Тау мен тасты табамыз.
Тарақ тайлақ тауықтан
«Т» дыбысын табамыз
Мен «А» әріпімін

«П» Бала отыр партада
Оқы, үйрен шаршама
«П» дыбысы дауыссыз
Мәлім болды баршаңа
Мен «П» әріпімін

«Н» Нан - әлемнің азығы
Дастарқанның қазығы
Нар - түйенің асылы,
Өрісі ел жазығы
Мен «Н» әріпімін

«Ғ» Ғасыр, ғылым ғаламшар,
Ойлаған ғалым адамдар
Ғарышкерлер ұшқанда
Жасайды ғажап қадамдар
Мен «Ғ» әріпімін

Ал, сен кімсің?
мен «Р» әріпімін
Ризамыз оқуға
Ретімен тоқуға
«Р»- ды айту қиын - ақ
Кейбіреулер қорқуда

Т, П, Н, Ғ бір - бірлерінен сұрайды бізге Р әрпі керек пе? Жоқ керек емес. А әрпі ойланып тұрып неге бізге Р әрпі керек емес? Мысалы: Раушан, ара, тарақ, шар деген сөздерде р әрпі бар. А әрпі дұрыс айтады бізге Р әрпі өте қажет. Қазір біз сол Р әрпімен танысамыз. Балалар орындарына отырады. Р әрпі дауыссыз дыбыс, р әрпін айтқанда тіліміз, тісімізге тиіп р дыбысы шығады. Тісімізге, тілімізге, ернімізге кедергіге ұшырап шығатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп атаймыз. Сондықтан Р дыбысын көк текшемен белгілейміз. Қолымызға айнаны алып өзіміз айтып көреміз.
Р әрпі сөздің басында, ортасында, аяғында кезігеді. Р әрпі бар сөздерді айтамыз. Радио, домбыра, жаңбыр, көгершін т. б
1 - тапсырма: Ара деген сөзге дыбыстық талдау жасайық а - р - а деген сөзде 2 дауысты 1 дауыссыз 3 әріп, 3 дыбыс бар.
2 - тапсырма: Р әрпі бар сөзге сөйлем құрастырайық. Сөйлем бас әріптен басталып, сөздің соңында нүкте қойылады.
Балалар сендер әріптерді өткенде соларға байланысты тақпақтар білесіңдер ме? Кім айтып береді? А, Т, П, Н дыбысына байланысты 3 - 4 бала тақпақ айтады.
3 - тапсырма:
Енді тақтаға қарап мына жол тақпақты жаттайық.
Ракета зымрап
Ғарышқа оны ұшырам.
Аспанға қарап ай көрдім.
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.

4 - тапсырма: Тірек сызба арқылы сөз құрайық.
а - та, а - па т. б

5 - тапсырма
Р әрпі кездесетін суреттерді шеңбердің ішіндегі қызыл қалтаға саламыз, р әрпі жоқ суреттерді шеңбердің сыртындағы көк қалтаға саламыз.
Екінші шеңбердің ішіндегі қалтаға сандарды саламыз, шеңбердің сыртындағы қалтаға р әрпі жоқ суреттерді саламыз.

6 - тапсырма:
Алдындағы тақтайшаға өткен әріптерді ризинка тарту арқылы жазамыз, оған бүгін өткен р әрпін жазу керек. Р әрпін жоғарыдан төмен таяқша етіп басынан ортасына дейін сопақша етіп жазамыз тақтаға жазып көрсету.
Дидактикалық ойын: Р әрпі бар сөздерді айтқанда қол шапалақтау, р әрпі жоқ сөздерді айтқанда қолдарын тығу.
Қорытындылау:
Бүгін қандай әріппен таныстық. Қандай текшемен белгілейміз?
Р әрпі дауыссыз дыбыс.
Барлық әріп бағалы.
Айтып әділ бағалы.
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онсыз болмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
А, Т, П, Н, Ғ әріптері бар 1 қызыл, 5 көк шарды аспанға ұшыру......




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 54 | 10.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Р дыбысы және әрпі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Р дыбысы және әрпі, мектепалды Р дыбысы және әрпі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дай, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Р дыбысы және әрпі