Шаңырақ сайысы

 Шаңырақ сайысы

Мақсаты: Ата – аналарды мектеп сынып өміріне қатыстыру балаларды дұрыс тәрбиеге баулу. Ата – аналарды балалармен бірлескен әрекетке баулу. Ұйымшылдық, қызығушылық, көркемдік, шығармашылық сөздігін дамыту.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Ұран сөздер, шарлар, отбасы туралы мақалдар.

Негізгі бөлім:
1 - жүргізуші:
Армысыздар, ағайын, ата - аналар!
Бармысыздар жанкүйерлер әз қауымдас!
Бүгінгі күн әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық!
2 - жүргізуші:
Біздерде ойын - сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады
Бүгінгі күн әуенін біз бастайық
Ұмытарсыз күн бойы, шаршағанды.
Құрметті ұстаздар мен ата - аналар, көрермендер! Менің ойымша бұл байқау емес, бұл отбасы мерекесі. Біздің мақсатымыз ата - аналарды сынып, мектеп өміріне араластыру.
Отбасы - адам үшін ең әлеуметтік орта. салт дәстүрді сақтаушы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуіне негіз болып табылады.
1 - жүргізуші:
Сайыста жеңісте бар, жеңілісте бар
Қуанып, шаттанып, күлу де бар
Өнерін тамашалап отыр қауым,
Сайыста әділ – қазы тағы да бар
2 - жүргізуші:
сайыстың бағдарламасы 6 турдан тұрады

1. Кел танысайық» «Жеті ата»
2.«Салт дәстүрді білесіз бе?»
3.«Қолөнер сайысы»
4.«Мақал - мәтел»
5.«Қол өнер» «Кел ойнайық»
6. «Қазақтың дастарханы»

1 - жүргізуші:
Сәлем бердік сіздерге төрағалар
Әділдікпен қойылсын балл бағалар
Биссмила деп бастайық жарысымызды
Әділ қазылар береді әділ баға.- дей келе әділ қазылармен таныс болайық.

2 – жүргізуші:
Әр отбасы дайын тұр танысуға,
Бойындағы бар дарынды ашуға
Қорықпастан алдыларыңызға келіп тұр
Әдеппен, ізетпен танысуға.
1 - ТУР
Ақыл көрік бойларыңда жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызды өзімен,
Тез арада таныстырып өтеді.
1 – жанұя: Анасы
0 «а» сынып Баласы
Топтың аты Анасы
Қызы
2 – жанұя: Анасы
0«б» сынып Баласы
топтың аты Анасы
Қызы
3 - жанұя Анасы
0 а сынып Баласы
Топтың аты Анасы
Қызы
2 - ТУР
Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Ән айтып, би билеп жасап жатсаң керемет.
Өнеріңізді көрсетіңіз кәнекей,
Сөз берейік отбасыларға жекелеп,
Келесі байқау Салт дәстүрді білеміз бе?
1 - жүргізуші:
Бауырласқан тәжіміз
Бұзылмаған антымыз
Бұзылмаған антымыз
Қазақ дейтін халқымыз
Кең даланың ежелгі
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз
2 - жүргізуші:
Туған соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп
Ата бабаң ардақты
Жамандыққа бармапты
Ардай жұрты үлкенді
Ата жолын жалғапты
(Қоржыннан асық алу. Сұрақтарға жауап алу)
1 – Сұрақ: «Сүйінші»сөзінің мағынасын түсіндіру.
Қуанышты хабар жеткізуші адам. «Сүйінші»деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал дейді. немесе оған риза болатындай сый ұсынады.
2 - Сұрақ: «Шашу» Қуаныш айғағы ретінде жасалатын дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде тәттілермен, күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.
3 - Сұрақ: «Қонақасы» Халқымыз қонақжай. Үйіне келген қонақты қарсы алып, мал сойып, қонақасы беру жомарттықтың белгісі.
4 – Сұрақ: «Сыбаға»
5 – Сұрақ: «Қалау» Біреудің жақсы малына, мүлкіне көңі кеткен адам сол үйге барып қалау қалайды.
6 – Сұрақ: «Сыралғы» Олжалы, қанжығасы қамданып келе жатқан аңшыдан кездескенде сұралатын жол.
7 – Сұрақ: «Тұқым қою» Кішкентай кезінде баланың шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Тұлым көбіне қыз балаға қойылады.
8 – Сұрақ: «Сауын айту» Бір елде ас, той болса ол кісі бұрын жан - жаққа хабарлатып сауын айтады. Бұл жай шақыру емес, әр ел салт дәстүрімен яғни жүйрік атымен, ақын жыршысымен, сабалы қымызымен келсін дегенді білдіреді.
9 – Сұрақ: «Кеусен» Бұл егіншілікке байланысты айтылған сөз. Егін пісіп, мол өнім бергенде егіншілер туған – туыстарына, ауылдастарына астық береді. Оны кеусен деп атайды.
10 – Сұрақ: «Аманат». Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау оны мезгілінде қайтару. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептелінген.

3 – ТУР. Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерімнің ырысы
Жарқырап жатыр жолыңда. - деп кезекті «Қолөнер»сайысына береміз.(Ою ойғызу) «Кел ойнайық»балалар шар жарып, ішіндегі сөздерді оқиды.
2. Қосымша сұрақтар беріледі.
Сондықтан әр топқа берілетін тапсырма бар. Соны орындау керек.
4 – ТУР. «Мақал - мәтел»
Ойынның шарты: мақалдың бірінші пайымдау бөлігін мұғалім айтады, ал қорытынды түйінін сіздер жалғастырасыздар.
1. Тіліңмен жүгірме
Біліммен жүгір
2. Тауып сөйлесең күміссің
Таппай сөйлесең...
3. Жеті жұрттың тілін біл
жеті түрлі білім біл\
4. Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол
5. Жалғыз ағаш орман болмас
Жалғыз кірпіш қорған болмас
6. Ақыл азбайды
Білім тозбайды
7. Оқысаң озарсың, оқымасаң тозарсың
8. Ақыл жастан шығады,
Асыл тастан шығады.
9. Ақылдыны алысым деме,
Ақылсызды жақыным деме.
5 – ТУР «Сөзжұмбақ шешу» Ою өрнек туралы
1. Кішкене ғана бой бар, айналдырып киген тоны бар.(Қозы)
2. Қорбаң, қорбаң етеді
Ол не? (Аю)
3. Көреді бәрін өзгенің
Көрмейді бірақ өздерін (Көз)
4. Сыбдырдан қорқады
Шошынып жортады. Ол не? (Қоян)
5. Тиіскенді түйірген,
Киімі бар инеден. Ол не? (Кірпі)
6 – ТУР «Қазақтың дастарханы» Қазақ халқының тағамдарының жолдарын түсіндіру. «Спорттық жарыс» (Балалар допты корзинаға дөп түсіру керек)......



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі