» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мен еңбекқор баламын

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мен еңбекқор баламын

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мен еңбекқор баламын казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мен еңбекқор баламын на казахском языке
Білімділігі: балаларға еңбек, еңбексүйгіштік туралы түсінік беру
Дамытушылығы: еңбек ету дағдыларын дамыту
Тәрбиешілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Суреттер әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті.

Мотивациялық – қозғаушы кезең
Шаттық шеңбері
Педагог балалармен бірге А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» өлеңін бірге қайталап айтады.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы, досым - ай. Балалар шеңбер бойына жиналып бір – бірімен амандасады.
Өлең жолдарын қайталау.
Ұйымдастыру шылық ізденушілі кезең.

Сергіту сәті. Әңгімелесу
Еңбекқор бала деп қандай баланы айта аламыз?
Сендер үйде, топта үлкендерге қалай көмектесесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог төмендегідей қорытындылайды.
Әр бала кішкентай болса да, ата - аналарына, отбасы мүшелеріне, топтағы апайларына көмектесіп, қолғабыс жасаулары керек.
Киімдерді реттеп қою, ертеңгі жаттығу жасау, тіс тазалау, ойыншықтарды жинау, гүлге су құю, ыдыстарды жинау, есіктің алдын сыпыру, т. б. жұмыстар, жағымды іс - әрекеттер баланың еңбегіне жатады. Ал осының бәрін орындайтын баланы еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты бала деп атаймыз. Адами жас кезінен еңбекқор, тілалғыш, ұқыпты болса, ондай балаларды бәрі жақсы көреді, сылайды, үлкендердің батасына ие болып, алғысқа бөленеді. Еңбекке адам жас кезінен ұмтылғаны абзал.
Әңгімелеу
Педагог балаларға «еңбек», «еңбексүйгіштік» туралы түсініктерін кеңейту мақсатында М. Т Өрежановтың «Ертеңге қалдыруға бола ма?» атты әңгімесін оқып беру.
Ойын. «Мен еңбекқор баламын».
Балалар дөңгелене тұрып, ойын бастаушы допты бір балаға лақтырады. Допты қағып алған бала үйде не істейтіні жайлы айтып, допты балаға лақтырады.
Мен ойыншықтарымды жинаймын.
Мен гүлдерге су құямын.
Мен киімдерді реттеймін.
Мен есіктің алдын сыпырамын
Мен ыдыстарды жуамын.
Мен үйді реттеймін.
Мен еден жуамын, т. б.
Шығармашылық жұмыс «Еңбек ер атандырады».
Педагог балалармен үйлерінен әкелген заттарды қарап, ата - аналарының, отбасы мүшелерінің қандай және қайда жұмыс істейтіндіктері жайлы әңгімелеседі.
Балалар алғыс хаттар, құрмет грамоталар, медальдар мен ордендер ата - аналарына, туған - туыстарына не үшін берілгені туралы айтып, сол заттардан альбом, газет немесе стенд жасап, «Еңбек ер атандырады» атты көрме ұйымдастырады.
Осы жобаға отбасы мүшелерін қатыстыруға болады.
Дәйексөз
Педагог балаларға «Еңбек ер атандырады» деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
Адамды жақсы оқығаны, спорт жетістіктері, сіңірген еңбегіне қарай ел бағалайды. Еңбек - адамның атақ - даңқын шығарады. Бүкіл елге танымал етеді. Еңбек еткен адам елдің алғысына бөленеді. Еңбектенген адамды жеңісті, қуанышты болады. Сондықтан халық «Еңбек ер атандырады» деп айтады.
Дәптермен жұмыс
Балалар дәптерде берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырып, бояды.
Сергіту сәті
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл - қозғалыстар жасалады.
Мынау - менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау - басым ақылды,
Бәрін осы атқарған.
Мынау - менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Венн диаграммасы: Жақсы, жаман ойыны.
Жақсы мен жаман істер жасап жатқан суреттер 2 шеңберге жинақтау.
Әңгімелеу.

Ойын: «Мен еңбекқор баламын»
Шығармашылық жұмыс
Дәйексөз
Дәптермен жұмыс
Қимылмен орындау
Жақсы жаман ойын
Рефлексивті – түзетуші кезең Қорытындылау.
Балалар біз бүгін сабағымызда ата – анамыздың айтқанын тыңдап, бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, еңбексүйгіш бала болуды үйрендік. Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік.
Жүректен жүрекке.
Балалар шеңбер бойына тұрып Н. Жанаевтың Еңбек өлеңін педагогпен бірге қайталайды.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты - еңбек
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек
Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты – еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек. Мадақтау

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Еңбек ер атандырады..
Білу керек: Еңбектің бәрі жақсы
Нені игерді: Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік. .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 124 | 10.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Мен еңбекқор баламын дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Мен еңбекқор баламын, мектепалды Мен еңбекқор баламын дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды д, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мен еңбекқор баламын