» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны на казахском языке
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 3 саны, цифры..
Мақсаты: Балаларға 3 санын, цифрын таныстыру, Қағаз бетіне, ауада жаздырып үйрету. Логикалық есептерді шығара отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру. Жолдастыққа, достыққа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Сандар, үлгі суреттер, ойыншықтар. т. б.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіне дайындық
Шаттық шеңбері:
- Шеңбер жасап тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық. Таза ауаны жұтайық. Жүрекке жүрек сыйлайық. Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға сыйлайық.
Жылы тілектер:
- Аспанымыз ашық болсын! - Күніміз жарқын болсын! - Нанымыз мол болсын! - Достарымыз көп болсын! - Деніміз сау болсын! - Бейбітшілік болсын!

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің өткізілуі
Күтпеген сәт:
Ішке Жалқаубек кіреді. (Үсті - басы лас ) –
Тәрбиеші: - Балалар, бізге Жалқаубек келіп тұр екен. - Беті - қолыңды неге жумағансың?
Жалқаубек: - Балалар, мен сендер сияқты сандарды, тақпақтарды білмеймін. – Енді оқығым келеді, сандарды, тақпақтарды жаттағым келеді. - Бәрі де қиын шығар? Солай ма?
Тәрбиеші: - Қане, балалар, Жалқаубекке көмектесеміз бе? (Жалқаубек отырады)
- Балалар, қазір қай мезгіл? - Көктем айларын атаңдар? - Көктемде табиғат қалай өзгереді?

-«Көктем» туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

- Қане, балалар, барлық сандарды бастап тұратын қай сан? - Қане, көрсетейік, 1 саны қайда екен?
- 1 - ден соң қай сан тұрады?
- Балалар, бүгін біз 3 санымен таныс боламыз. – Қане, бәріміз 3 деп айтайық.
- 3 саны 3 бірліктен тұрады. Ауада жазып көрейікші. Сергіту сәті. – Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
- Балалар, енді санамақтарды айтайық.

- Жалқаубек: - Балалар, сендер қандай тамаша балаларсыңдар. Мен де сандар туралы біраз мағлұматтар алдым. Енді мен де сендер сияқты мектепке барамын. Сандарды, тақпақтарды жаттаймын. – Рахмет, сендерге, балалар! – Тәрбиеші: - Сонымен балалар, бүгін біз қандай санмен таныс болдық? - 3 саны неше бірліктен тұрады?
- 3 саны қай санның көршісі?
Д/ойын.
«Қай сан жоқ?»

Жалқаубек: - Жуынғым келмейді.

Балалардың жауаптары.
Балалардың жауаптары.
Балалар: - Көктем. – Наурыз, сәуір, мамыр. – Күн жылынады, қар ериді, құстар жылы жаққа қайта оралады.
Күмісай: - Көктем, көктем, көктемде, Құстар келіп жеткенде. Қуанып бір қаламыз, Әнмен қарсы аламыз.
- 1 саны.
. Балалар 1 санын көрсетеді. - 2 саны тұрады. Балалар 2 санын көрсетеді.
Балалар 3 санын хормен айтады. Балалар ауада 3 санын жазады. 333333333
Балалар сергіту сәтін жасайды.

Санамақтар. 1 - дегенім - бүркіт, Қалады аңдар үркіп. 2 - дегенім - есек, Білмейді ол есеп. 3 - дегенім - үкі, Ұстап жейді түлкі. 4 - дегенім - тиын, Сан білмеген қиын. 5 - дегенім - бұлбұл, Сайрағанда дүлдүл. Балалардың жауаптары

Балалар Жалқаубектің сыйлығын алады.
- 3 санымен таныс болдық.
- 3 бірліктен тұрады.
- 2 - нің көршісі.
Балалар ойынға белсене қатысады.
Қиыншылық тудырған балалармен жекелей жұмыстар жүргізілді.
Қорытынды
Әрекетіне және ойынға белсене қатысқан балаларды мадақтадым.
Балалар 3 санымен таныс болды, ауада, қағаз бетіне салды.
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: 3 санын.
Үйренеді: 3 санын, цифрын ауада, қағаз бетіне жазуды.
Игереді: Тапқырлықты, жылдамдықты. .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 40 | 10.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды 3 саны дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, 3 саны, мектепалды 3 саны дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 3 саны