Күндей күлген анамның Баласы болып қаламын

 Күндей күлген анамның Баласы болып қаламын

Мақсаты: 1. Балаларға 8 наурыз туралы түсінік беру. Анаға деген бала махаббатын ояту. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
2. Балалардың логикалық ой - өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін, бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, гүлдер, шарлар.
Ойындар: «Ананың аялы алақаны», «Гүл сыйлау», «Ананың даусын тану», «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Тәрбие сағатының жүру барысы:
Тәрбиеші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық.
Әйелдер күні бүгін халықаралық
Жарыққа бізді әкелген аналарды.
Бүгінгі мерекемен құттықтайық.

Ұйытқысы жанұяның берекеміз
Аналар құтты болсын мерекеңіз
Әрқашан аналарымыз аман болсын
Алаңсыз бақытты өмір біз кешеміз
Аналар, көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің шуақты күндеріндей, сан алуан гүлдеріндей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер! Жүздеріңізден шаттық, көңілдеріңізден қуаныш арылмасын!
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған.
Армысың әжелерім, аналарым
Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды Сіздерді балаларың – дей келе, шағын орталық тобының аналар мерекесіне арналған «Күндей күлген анамның,
Баласы болып қаламын!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
Мұхаммедали: Мереке деп келіп қалдық
Бізде бәрі дайын ба?
Қазір қыздар келеді
Сазайыңды береді.
Бекжан: Айттым ғой мен сендерге
Үлгермейміз қазір деп.
Бәріне қыздар кінәлі
Өлең айтып тұрғаны.
Алмас: Ұлдар, ұлдар ұрыспаңдар,
Әне өздері де келіп тұр.
Көңілдірек қарсы алайық,
Біздің қыздар келіп тұр.
Тәрбиеші: - Ау балалар бәрің қандай керемет сұлу жігіт болып кеткенсіңдер. Ал тобымыздың қыздары қайда? Балалар аналарың мерекеге, тойға барар кезде не істейді?
Балалар: - Әдемі киінеді, боянады, шаштарын әсемдейді.
Тәрбиеші: - Олай болса бізде сол жерлерден қыздарымызды іздейік.
Дүкен.
- Алло - алло сәлеметсіз бе? Бұл киім дүкені ме? Біздің топтың қыздары сіздерде бар ма екен?
Дүкенші: Сәлеметсіз бе! Иә, олар бұл жерде болған. Сәнді киім сатып алып мерекеге кетті.
Сән салоны: Алло - алло сәлеметсіз бе? Бұл сән салоны ма екен? Біздің топтың қыздары сіздерде бар ма екен?
Шаштараз: Сәлеметсіз бе! Ия, олар бұл жерде болған. Шаштарын сәндетіп қазір ғана таксимен мектепке мерекеге кетті.
(Музыка ойналып залға қыздар кіреді)
Әжесі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сіздің топтың қыздары өте ақылды екен. Тәрбиелі екендіктерін көрсетіп, жолдан өте алмай тұрған маған көмектесіп өткізіп жіберді. Мені мерекелік кешке қонаққа шақырды. Рахмет, қыздарыңа! Мереке құтты болсын!
Қане, енді сендердің өнерлеріңді тамашалайын.
Тәрбиеші: - Сәлеметсіз бе, әжей! Қош келдіңіз! Біздің қыздар сіз айтқандай өте ақылды, тәрбиелі қыздар. Мерекелік кешіміздің қадірлі қонағы болыңыз.
Музыка ойналып, ұлдар қыздарды биге шақырады.
Хормен: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.
Көрініс:
Автор: Бір патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1 – қыз - Іңкәрлім: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
2 – қыз – Анэль. С: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
3 – қыз – Анэль. Б: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
4 – қыз - Айкерім: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
Автор: Кіші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Тәрбиеші: 1. Болар күнде алаң
Жанашыр кім саған?
Бәрі: – Анам.
Тәрбиеші: Болсаң егер жаман
Кейитін кім саған?
Бәрі: Анам.
Тәрбиеші: Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?
Бәрі: Анам.
Тәрбиеші: «Боташым» дер саған
Кім сүйікті адам?
Бәрі: Анам.
Тәрбиеші: Қыр астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып аналар мерекесі келді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қардың астынан бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.
Бүгінгі күн аяулы аналар, сіздер үшін. Барлық уақытта шыдамдылықпен, мейірімділікпен, ақылмен, ыстық құшағын да аямай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, әсем әніміз, мерекелік кешіміз, барлығы сіздерге арналады, - дейді бүлдіршіндеріңіз. Қабыл алыңыздар.
Хор: «Ақ мамам».
Жұмбақ: Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде.
Тәрбиеші: Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
Іңкәрлім: Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күн мен
Құттықтаймын анашым
Сегізінші наурызыңмен!
Алмас: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Оразәлі: Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой.
Асықпа, анашым, ертең - ақ
Отың болып жанам ғой.
Айкерім: Гүл - гүл жайнап әріміз,
Кіреді біздің сәніміз,
Аналарды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Бекжан: Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Думан: О, анашым
Таянышым, тірегім.
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Мен жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Мұхаммедали: Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.
Анэль: Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.
Әділ: Менің әжем әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шәй қайнатып береді,
Біздің үйдің бәріне
Зарина: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір – бірден.
Анаға сыйлаймыз.
Анэль. С: Аналарға ойланбай
Брейік ер атағын.
Мұршасы жоқ олардың,
Демалатын жататын.
Кір жуып, үй жинап,
Даярлайды тамағын.
Тәрбиеші: Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін - деп 3 - 4 ананы ортаға шақырамыз.
Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Ойын шарты: әртүрлі сұрақтар жасырылады, аналар «А» әрпінен басталатын сөзбен жауап беруі керек. (Ойын ойналады).
1. Сіздің есіміңіз?
2. Балаңызды қалай еркелетесіз?
3. Сіз жұмыс жасап жатырсыз, балаңыз маза бермей жатыр, не деп айқайлайсыз?
4. Жақсы көретін мерекеңіз?
5. Сүйіп ішетін тамағыңыз?
6. Қандай санды ұнатасыз?
7. Жақсы көретін әніңіз қандай?
Хор: «Апам үшін».
Ойын: «Аялы алақан».
Ойын шарты: 2 - 3 ананың көзі байланады, өз балаларын тауып алу керек. Балалардың орны ауыстырылады.
Тәрбиеші: Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қара жорға» биін.
Би: «Қара жорға» Шағын орталық балалары.
Ойын: «Гүл сыйлау». ШО балалары.
Бәрі бірге: Күндей күлген анамның
Баласы боп қаламын!
Құшағыңды аш анашым,
Мен өзіңе барамын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, аналар!
(Балалар өздері дайындаған гүлдерін аналарына сыйлайды)
Тәрбиеші: Бәрі жақсы ананың
Бәрі де оның керек – ау.
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек – ау!
Ойын: «Гүл сыйлау».
Сиқырлы айналу. Коробкаға салынған гүлдер сиқырлы сөздерді айтқанда кәмпитке айналады. (акалай - макалай). Кәмпитті балаларға таратып беру.
Тәрбиеші: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамдарыңызға – дей отырып, ардақты аналар, әжелер мейрамдарыңыз құтты болсын! Міне, құрметті абзал жандар, сіздерді тағы да көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық тілейміз. Мерекеден мерекеге аман жете берейік. Әрқашан аман болайық! Шаңырақтарыңыз сәби күлкісіне толы болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сау саламатта болыңыздар! .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?