Аяулы анашым

 Аяулы анашым

Мақсаты:
1. Балалардың өз бойларындағы өнерлерін, ерекше қабілеттерін көрсете отырып, білімге, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
2. Сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сахналық қойылымдар арқылы әртістік шеберліктерін шыңдау. Рухани – адамгершілік қасиеттерін дамыту.
3. Аналарды құрметтеуге, үлкендерді сайлауға тәрбиелеу.

Барысы: Кіріспе көңілді музыка ойнап тұрады. Балалар музыка әуенімен сахнаға шығады. Мұғалімнің құттықтау сөзі.
Негізгі бөлім:
1 – оқушы: Құрметті Аналар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз, күн мерекелеріңіз құтты болсын!
Ақжан: Нұршуақ:
Қуанышы баланың – Бізді өсірген апатай,
Қуанышы ананың. Еңбегіңіз зор екен,
Қуанышы ананың – Құтты болсын апатай,
Қуанышы баланың. Құтты болсын мерекең!
Аяулым:
Айналайын апашым,
Аялайсың, бағасың,
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.

Ән: «Ақ мамам» Орындайтын: Айсезім мен Нұршуақ
Баубек Бұлқышев «Ана» (аудио)
Диалог (Жасұлан мен Ләззат)
Ләззат: Білесің бе Жасұлан?, Ана – деген керемет асыл жан. Менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып шырын, су беретін.
Жасұлан: Ал менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, оянғанда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады.
Ләззат: Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аяулы қолды талпынтқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан,
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Жасұлан:
Айналасына ас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісі жұпарын аңқытқан.
Бұл кім?

Балалар хормен: «Ана, ана, ана»
Ән: «Айгөлек» Орындайтын: Қыздар
Ләззат:
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрмен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.

Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Ана – деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Жаснұр:
Ана біздің - күніміз,
Ананың біз – гүліміз!
Құрметтейміз ананы
Құттықтаймыз бүгін біз:
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!!!

Ақмоншақ:
Тіршілік жаңа оянды,
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң мекен.
Менің айдай анамнан:
Асқан сұлу бар ма екен?!

Жасұлан:
Анам көркі - көгімнің,
Ана нұры жерімнің,
Ана бағы баланың
Мақтанышы елімнің
Еңбек ерлік атқарған.
Еңбегімен мақталған
Ел сенімін ақтаған
Айналайын ақ мамам.

Би: Вальс Орындайтындар: Жасұлан – Айсезім, Бейбарыс – Ділназ.

Толғанай: Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп
Еркелеген сөзімде.
Ертеңіңіз тұр күліп.

Айсезім: Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан.
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын, анажан!

Ақмоншақ: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді.
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс!
Ойын: Аяқталмаған сурет:
Бұл жерде аналарға дайын сурет беріледі, ал аналар ол суретті көзін байлаулы күйінде жалғастыруы керек.
Би: жастар биі. топтық би

Ендігі кезекті әжелерімізге жырдан шашу шашайық.

Айсезім: Менің әжем бал әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді.
Қызығымды әлі әжем.

Аяулым: Менің әжем, нар әжем,
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем.

Жасұлан: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді.

Ақжан: Көңіліңді табады,
Әнді қалай салады.
Ертегі қандай көп еді
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша,
Әжем менің тамаша.

Ән: Апам үшін. Орындайтын қыздар.

Балаларға сұрақ – жауап.

Ділназ: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі аналар.
Ана деп бас иеді, күллі халық.

Айсезім: Анамның әрбір сөзі ой талабы
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.
Бейбарыс: Айналайын анашым,
Көкте күн боп жанасың
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың,
Үн қатасың бал тілмен
Еркелеймін әр күнмен
Құттықтаймын анашым
8 – наурызыңмен.

Жүргізуші: Ана, ана, ана... осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүние ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді. Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Ендігі кезекті ойынға береміз.
Жүргізуші: Өмірге ана бұлақ, ана – пана
Өмірді өркендетер ана ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен
Талай ер, талай ақын, талай дана.
Ойындар:
Жұмбақ сурет:
Бірінші балалардың көзін байлайды, ал аналары тақтада берілген суретті құпия етіп, айтып қоймай жасыру.

Мен анамды қаншалықты білемін? (Сұраққа анасы мен баласы жауап беру керек)
1. Анаң сені не деп еркелетеді?
2. Балаңыз тентек болған кезде не деп айтасыз?
3. Анаңыздың шашының түсі қандай?
4. Анаң қандай түс жақсы көреді?
5. Балаңыздың ұнататын тамағы?
6. Балаңыз қандай көйлекті жақсы көреді?
7. Анаңның көзінің түсі қандай?
8. Анаң қандай гүлді жақсы көреді?
9. Балаңыздың сүйікті түсі?
10. Анаңның киіп жүрген бас киімі қандай?
11. Анаңның қалай күледі?
Ендігі кезекті балалардың шағын сыйлығына береміз.
Ата - аналар арасынан тілек айту:
Құрметті аналар, қыздар, ұстаздар мына бүгінгі 8 - наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын!!! Осы көктем сіздерге тек сұлулық пен әдемілік әкелсін! Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!! .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!