Музыка әлемінде

 Музыка әлемінде

Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет қалыптастыру; бала бойындағы табиғи музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Пайдаланылатын құралдар: үнтаспадағы құстар дауысы, скрипкалық кілт, ноталар, ұзындығы 1, 5 м 5 жіп, бор.
Алдын ала ұйымдастырылатын жұмыс: музыкалық жанрлар: ән, күй, би, марш тыңдау, салыстыру, ажырату.
Іс - әрекет кезеңі:
Аңырын, баяу музыка ойнап тұрады.
- Балалар, музыка дегенді қалай түсінесіңдер?
- Дұрыс, музыка адамның көңіл күйін, сезімін баурап алатын ғажайып дыбыс.
Ән тыңдау. Балаларға танымал әндер. «Қайырлы таң». Е. Өміров.
Музыка жетекшісі балаларға танымал деген бірнеше әннен үзінді ойнап, төмендегідей сұрақтар қояды:
- Сендер бұл әнді білесіңдер ме?
- Бұл ән не туралы?
- Ән қандай? Көңілді ме, әлде мұңды ма?
- Музыкалық дыбыстар қандай болады?
- Музыкада жоғары және төмен дыбыстар болады. Ды¬быстар жоғарылаған сайын жіңішке, ал төмендегенде жуан болып шығады.
Қандай музыка түрлерін білесіңдер?
- Музыканы жазатын адамды қалай атайды?
- Әннің сөзін жазатын адамды қалай атайды?
- Балалар, сендер санамақ білесіңдер ме? (1 - ден 7 - ге дейінгі)
Кез келген музыканы, әнді орындау үшін оны түрлі белгілермен қағаз бетіне түсіреді.
Санамақтар сияқты музыкада 7 белгі бар, олар НОТА деп аталады (қайталау).
Тақтада жазылған немесе үлкен форматты қағазға жазыл - ған түрлі түсті ноталарды көрсету.
Скрипка кілті туралы мағлұмат беру.
- Осы музыкалық кілт неше сызықшаның үстінде түр? (5)
- Ал мына белгілер қалай аталады?
- Олар нешеу?
- До - Ре - Ми - Фа - Соль - Ля - Си. (Қайталау).
- Ноталар қалай орналасқан?
- Ойын: Бірінші нота қандай?
Үшінші нота қандай?
Бесінші нота қандай?
Соңғы нота қандай?
Екінші нота қандай? (Хормен қайталау; ойынды біртіндеп күрделендіре ұйымдастыру: қатарынан еденге салынған 5 жіп, сызылған сызықтарға балалар барып, аталған нотаның орнына түру).
Міне қазір ән сабағы
Барлығымыз ән саламыз!
Әнге сәйкес қол соғамыз.
Ән айту. «ДО - РЕ - МИ». Ө. Байділдаев.
Музыкалық аспапта ойнау: 2 - 3 түрлі балаларға арналған музыкалық аспап. Балалар қалауы бойынша аспапты таңдап, ойнайды.
Әуенді қимыл - қозғалыс. «Үш би». Би, би түрлері (қазақтың ұлттық, орыс халқының ұлттық билері (плясовая, кадриль, вальс), басқа ұлттар биі, полька, т. б.) туралы мағлұмат беру; балалардың қалауы бойынша би орындау.
Әліппе - дәптермен жұмыс.
Қорытынды: Бүгін сабақта не үйрендіңдер? Неше нота? Музыка қалай белгіленеді? Енді сендер ноталарды білесіңдер, үмытпауға тырысыңдар. Келесі сабақтарда осы ноталар арқылы түрлі аспаптарда орындалатын қызықты, адамды еліктіріп, баурап алатын музыкалармен танысып тыңдаймыз. Музыканың құдіреті өте күшті. Таңертең ояна сала, кешке үйықтар алдында жайлы музыка тыңдаса, адам музыкадан нәр алып, жақсы сезімдерге бөленеді.
- Балалар, сендер қандай би түрлерімен таныстыңдар? .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!