Р дыбысын қою

 Р дыбысын қою

Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде ажырата білуге үйрету; есте сақтау қабілетін дамыту; сөздегі Р дыбысының орынын табу, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту.
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреті, ойын алаңы, суреттер, Р дыбысы, айна, зонд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар, бүгінгі сабағымыз өзгеше болайын деп тұр. Сабаққа көптеген қонақтар келіп отыр. Сендер оларға дұрыс және таза сөйлей алатындарыңды көрсетулерің керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын арнайы жаттығуларды жасайық.
ІІ. Тыныс алу жаттығулары.
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Алмасбек, бізге жедел хат әкеліпті. Қане, алып оқиық. – «Саламатсыңдар ма, балалар! Бізді жалмауыз кемпі... ұ.. лап кетті. Құтқа... а кө... Сенің сүйікті ә.. іпте.. ің.»
- Қалай ойлайсың, қандай әріптерді ұрлап кеткен? Мына сөздерге қай дыбыс жетпей тұр. Дыбысты ұзағырақ айтып, артикуляциясын еске түсірейік. (Р дыбысының артикуляциясына тоқталады.)
- Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;
- Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;
- Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
- Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
- Дауыс шымылдықтары қатайып, бір - біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.
- Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.

Сонымен бүгінгі сабақта Р әрпін құтқарамыз.
ІУ. Артикуляциялық жаттығу
«күрекше», «ат шауып келеді», «тәтті шырын», «алтыбақан», «сағат»
У. Тыныс шығаруын дұрыстауға арналған жаттығу.
Ал енді, Р әрпін құтқаруға дайынбыз. Бізге кім көмектесер екен?
Мүмкін біз сиқыршыдан көмек сұрармыз. Сиқыршы бізге өзінің шарын ұсынып тұр. Бұл жәй шар емес, сиқырлы шар. Егер сен оны үрлейтін болсаң, ол сені жалмауыз кемпірге алып барады. (Алмаспен шарды үрлей бастайды)
УІ. Р дыбысын буында дұрыс айтуға дағдыландыру.
(шар бұтақтарға келіп тіреледі)
Бұтақтарды жалмауыз кемпір қойып кеткен болар. Бұл кедергіден өту үшін, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауың керек, сол кезде ғана жол ашылады.
УІІ. Р дыбысын сөзде айтуға машықтандыру.
(шар бөренеге келіп тіреледі)
Жалмауыз кемпір мұнда да жауыздығын жасап, бөренені жолдың бойына қойып кетіпті. Тапсырманы орындап, бөренені орынан жылжытуымыз керек.
УІІІ. Р дыбысын сөйлемде айтуға машықтандыру.
Міне, Р әрпін ұстап тұрған жалмауыз кемпірге де жеттік. Оның айтуы бойынша, ол Р әріптері қатысты сөздерді ұмытып қалыпты, сондықтан Р әрпін ұрлап кетіпті. Оның есіне түсірсек қайтеді? Олай болса, «Мен бастаймын, сен аяқта» ойынын ойнайық. Мына сөз тіркестерін есіңе сақтай дұрыс қайтала.
1. Рахат Рауанға тәтті....(алмұрт берді)
2. Раушан тосапты сары...(өріктен қайнатты)
3. Рауан ащы......(сарымсақты турады)
4. Ардақ піскен....(қарбыз әкелді)
ІХ. Мыстан кемпірдің риза болуы.
- Дұрыс енді, осы сөйлемдердің кестелік сызбасын құрап, Р әріптерінің орнын тап.
- Кестелік сызбаны пайдаланып, сөйлемдерді дәптеріңе жаз.
Х. Қорытынды.
ХІ. Үйге тапсырма. Р дыбысы бар сөздер жазып келу. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!