» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Алтын кілт

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Алтын кілт

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Алтын кілт казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Алтын кілт на казахском языке
Оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: «Алтын кілт»
Мақсаты: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл - ой қабілеттерін қалыптастыру.
Бағдарламалы мазмұны:
10-ға дейін санауды бекіту, 5-ке дейінгі цифрларды тани білу, кеңістікті бағдарлауға білу( оң, сол, алда, артта, жоғарыда, төмен), көлемін екі белгісі бойынша салыстыру (ұзын - қысқа, қисық - тұзу, жалпақ - жіңішке), геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш және сопақша), денелер (куб, шар, конус, цилиндр) білу.
Керекті құралдар:
Көрнекіліктер: суреттер, алтын кілт, цифрлар, конверт, қорапша, геометриялық пішіндер мен денелер, «алтын теңгелер» кәмпиттер, сандық.
Үлестірмелі құралдар: геометриялық пішіндер, екі жолақ карточкалар.

Сабақ барысы:
Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, олай болса амандасайық
Б: - Сәлеметсіз бе!
Т: - Б - р, қазір біз «Тез жауап бер ойынды ойнайық»
Т:- Бұрылайық, кім менің алдымда тұр? Артта? Томирис, сенің алдыңда? Артта? Т. с. с Енді тұзу тұрайық, менің оң жағымда кім тұр? Сол жағымда?
Т: - Ой, балалар, менің есімнен шығып кетті. Бізге сәлемдеме келді ғой, ашып көреміз бе?
Б:- иә.
Т: Қалай ойлайсыңдар, бұл кім бізге жіберді? (Суретін көрсетеді)
Б: Буратино
Т: Дұрыс, (алып шығып оқи бастайды) «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көмектесіңдер! Қу түлкі Алиса мен Базилио мысық менен алтын кілтті ұрлап алды да тығып қойды. Кілтті табу үшін, көп тапсырмаларды орындау керек. Кілт тапсаңдар сиқырлы қобдишаны аша аласыңдар. Сәттілік тілеймін!
Т:- Қалай, балалар, көмектесеміз бе Буратино, тапсырмаларды орындаймыз ба?
Б:- Иә
Т:- Олай болса, қазір жұптасып, орындарына отырайық.
(Балалар орындарына отырады)
Т: - Балалар, әдемілеп қол, аяғыңды қойып, түзу отырып, мұқият тапсырмаларды тыңдап отырайық.

Д/о: «Көгал»
Т: - Балалар, қараңдар, бұл көгалда өсімдіктерді санау және санына сәйкес цифрларды табу керек.(Балалар санайды саңырауқұлақтарды, жидектерді, шыршаларды, олардың санына қарй цифрларды тауып қояды.)
Т: - Өте жақсы, б - р, мұқият қараңдаршы осы көгалда кілт жоқ па?
Б: - Жоқ.
Т: - Онда ары қарай Буратиноның тапсырмаларды орындайық.

Д/о: «Неше қоян тығылып қалды?»
Т: - Балалар, Буратино қояндарды санай алмады, кәне біз санайықшы, неше қоян тығылып қалды? (Балалар санайды, қоянның саның анықтайды, содан кейін қояндардың құлақтары барлығын ретімен және кері санайды).
Т: - Ал мұнда кілт барма?
Б: - Жоқ.

Сергіту сәт: «Буратино керілді»
Т: - Балалар, геометриялық денелер өзенге шомылып өздерінің көйлектерін шешіп тастады, енді қай дененің көйлегі білмей тұр. Сендер маған айтасыңдар, мен тақтайға қоям, ал сендер өздерінің карточкаларға қоясыңдар. Кубтың көйлегі қай пішін болады?
Б: - Шаршы.
Т: - Дұрыс, балалар, бірінші шаршыны қоямыз. Домалақтың көйлегі?
Б: - Дөңгелек.
Т: - Дұрыс, цилиндрге қандай көйлек ыңғайлы болады?
Б: - Тікбұрыш.
Т: - Өте жақсы, ал конустың?
Б: - Үшбұрыш.
Т: - Қандай біз тағы пішінді білеміз?
Б: - Сопақша.
Т: - Оны да қояйық, бал - р, қатарға. Енді барлығын атайықшы.(балалар геометриялық пішіндерді атайды). Балалар, өте жақсы, бірақ біз кілтті әлі тапқан жоқпыз.

Д/о: « Буратино қайда, қай жолмен жетеді»
Балалар суретті қарастырып, Буратино қай жолмен қайда жетеді деген сұрақтарға жауап беріп отырады.(Қысқа - ұзын, қисық - түзу) сөздерді пайдаланады.

Д/о: «Не, қайда қойды?»
Балалар, Буратино, өз заттарын сөрелерге қояды. Ал не, қайда қойғаныңды, біз анықтауымыз керек.( Бал - р заттарын атын атайды да қайда тұр айтады)
Мысалы: Қалпақты жоғары, оң жаққа қойды. Тапсырма: Дөңгелекті жоғары, оң жаққа қойыңдар. Кілт жоғары, сол жақта жатыр. Тапсырма: Үшбұрышты жоғары сол жаққа қойыңдар. Т. с. с тапсырмалар).
Т: - Балалар, қараңдаршы, кілт барма мұнда?
Б: - Иә.
Т: - Міне, бал - р, біз таптық Буратиноның кілтің. Оны ешкім ұрлаған жоқ. Буратино өзі сөреге жоғарыға қойыпты. Енді біз кілтті алайық та сандықшаны ашайық. Буратино сендерге риза, ол сендерге сыйлық дайындап қойды. Қараңдар, бал - р тәтті алтын теңгелер.
Рахмет, балалар! .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 41 | 8.03.2019


Загрузка...
Читайте также
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сандар әлеміне саяхат
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сандар әлеміне саяхат
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қызықты математика
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қызықты математика
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер Өткен материалды қайталау
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық пішіндер Өткен материалды қайталау
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік
Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы
Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік
Балабақша сабақ жоспары: Сиқырлы сандық
Балабақша сабақ жоспары жинағы
Балабақша сабақ жоспары: Сиқырлы сандық

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Алтын кілт дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Алтын кілт, мектепалды Алтын кілт дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык са, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Алтын кілт