» » » » Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аналар мерекесі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аналар мерекесі

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аналар мерекесі казакша Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аналар мерекесі на казахском языке
Сабақтың тақырыбы: Аналар мерекесі.
Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке - аналар мерекесі туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Балаларды байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, ойын арқылы қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорын молайту. 5 - 6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды үйрету және сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Өлең, мақал – мәтелдер жаттату.
Тәрбиелігі: Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: аналар мерекесі туралы суреттер, слайд.
Әдіс - тәсілдер: жаттау, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
1. Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының ездерін қалай еркелететінін айтады.
Мысалы: Мені анам: «айым, күнім, боташым, ақылдым», - дейді.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
- Балалар, бүгін бізге Дымбілмес келіпті, оның тапсырмалары бар екен, орындаймыз ба?

2. Үй тапсырмасы Дымбілместің тапсырмасы:
Балалар, біз сендермен өткен сабақты есімізге түсірейік.
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде тағы қандай мерекелер болады?

3. Негізгі бөлім
Жақсы бол деп баптаған,
Біз үшін тыным таппаған
Бар тәттісін сақтаған
Ол кім?. Ана Бүгінгі біздің тақырыбымыз осы Ана. Ендеше балалар бүгін біз аналар туралы әңгімелесеміз.
а) Сурет бойынша жұмыс.
Дәптердегі аналар мерекесін бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі - халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.
Аналар туралы қандай мақал мәтел білесіңдер?
Ребус шешеміз

Сендердің аналарың қандай?
(Ана – мейірімді, ақылды, әдемі, сұлу, қамқоршы, көрікті)

Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбырды.
Ойлы – қырлы жерлерден,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Ана мен бала туралы көрініс.
«Сиқырлы сандық» ойынын ойнау. Шарты сұрақтарға жауап беру
Аналарың жұмыстан шаршап келгенде қандай көмек көрсетесіңдер?
Аналарыңды ренжіткенде не істейсіңдер?
Аналарыңның қандай сөздерімен оянасыңдар?
Анарың қандай шаруамен айналысады?

Қорытынды. Ана! Ана! Ана! Не деген мейірімді, не деген шапағатты сөз еді. Үш әріптен құралған қасиетті сөздің төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр. Сонымен балалар біз анамызды құрметтеп, қастерлей білуіміз керек.
4. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
Оқу іс - әрекетінің барысында ана туралы жаттаған өлең - тақпақтарын айту.
Бағалау. Жетондарын есеп, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау. .....




Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 122 | 8.03.2019


Загрузка...

KZ / Сабақ жоспары жинағы / Мектепалды дайындық сабақ жоспары жинағы, мектепалды Аналар мерекесі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Аналар мерекесі, мектепалды Аналар мерекесі дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык балабакша сабак жоспары мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайынд, Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аналар мерекесі