Мамандықтар

 Мамандықтар

Білімділік: Әртүрлі мамандықтармен таныстыру, дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, құрылысшы, ғарышкер, жүргізуші мамандықтарының маңызымен таныстыру, мамандықтарға қызығушылығын арттыру, олардың еңбегін көрсету.
Дамытушылық: Шығармашылығын дамыту. Балалардың дүниетанымын жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды мамандардың еңбегіне қызығушылығын арттырып, еңбекті құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, дәрігер, тәрбиеші, құрылысшы, аспазшы, ғарышкер, жүргізуші, тігінші, аспазшы.
Әдіс - тәсіл: Сұрақ - жауап алу, түсіндіру, көрсету, ойнату, бағалау,
мадақтау.
Билингвалды компонент: мамандықтар - профессии, дәрігер - доктор, аспазшы - повар, құрылысшы - строитель, ғарышкер -космонавт, тәрбиеші - воспитатель.

Мотивациялық қозғаушы
Таңғы шеңбер ұйымдастыру:
Балалар, бүгін ерекше күн!
Әуен қойылады
«Ғажайыпстанға саяхат»
Біздің тобымызға көп қонақтар келіпті.
Қане, балалар қонақтармен амандасып алайық!

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Бүгінгі оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.
Балалар, қазір қай мезгіл?
Көктем мезгілінде неше ай бар?
Жарайсыңдар. Ендеше, бүгін мамыр айының 16 - і
Бір аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның қай күні?
Олай болса, балалар бүгінгі біздің оқу іс - әрекетіміз ерекше, өйткені тікелей эфирде өтпек. Бізге хабарласқыңыз келсе, телефон номеріміз экранда көрсетілген.
Өткен тақырыпқа шолу
«Қызыл қоңыз»туралы сұрақтар қою.
Жарайсыңдар!
Балалар бізге қоңырау шалып жатыр.
Тыңдап тұрмыз.
хабарласқан көрерменіміз бар екен, сұрағына жауап берейік.
Көрерменіміз бізге сурет жіберді. «Мамандықтар»
Суреттен нені көріп отырсыңдар?
Дұрыс балалар бұлар мамандық иелері. Мамандықты игерген адамдарды мамандық иелері деп атаймыз.
Бүгінгі біздің ашық оқу
іс - әрекетіміздің тақырыбы «Мамандықтар»
Бейне ролик «Әли мен Айя» мамандық иелері туралы

Балалар бұл маман иелері арнайы оқу орнын бітіріп жұмыс жасайды.
Бізге барлық мамандықтар қажет. Қане, маман иелері қандай еңбек етеді, білеміз бе?

Танысып көрейік.

Теледидарға назар аударамыз. Суретке қарап әңгімелеу.
Құрылысшы не істейді?
Дәрігердің еңбегі қалай?
Дәрігермен тікелей телефон арқылы сөйлесу.
Аспазшының еңбегін білеміз бе?
Тәрбиеші не істейді?

Жүргізушіні білеміз бе?
Ғарышкер туралы бейнеролик көрсету.
Барлық мамандықтар өте қажет екен.
Билингвалды компонент: мамандықтар - профессии, дәрігер - доктор, аспазшы - повар, құрылысшы - строитель, ғарышкер - космонавт, тәрбиеші - воспитатель.

Бейне ролик «Мен ғарышкер боламын» әні
Сергіту сәті
Арманы бар бір ғана
Талабы зор баламын
Шынығумен шыңдала
Тез - ақ өсіп толамын.
Жұлдыздарды жағалай,
Айға барып қонамын
Тұңғыш Тоқтар ағадай
Мен ғарышкер боламын.
Мен ғарышкер боламын!!!
Балалар біздің электрондық қалтамызға түскен хаттармен танысайық. Бізге қойылған сұрақтары болса жауап берейік.

Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)

Дидактикалық ойын: «Мамандық иелерінің құралдары»
Әр мамандық иесіне тән құралды тауып орналастыр.

Рефлексивтік - түзетушілік
Балалар бүгін біз көптеген мамандық иелерінің еңбегімен таныстық. Енді өздерің де өскенде кім болғыларың келетінін айтатын кез келді.
Сыйлық «Арман гүлі»
Сендердің кім болғыларың келетінін мына суреттер арқылы білейік. Арман гүліне әр бала өзі таңдаған мамандықтың суретін іледі.
Мадақтама. Қорытындылау.

Бүгінгі оқу іс – әрекетке балалар жақсы қатыстыңдар, ойынды қызығып ойнап, жұмбақты жақсы шештіңдер.
Шеңбер болып тұрайық
Маман болып шығайық
Көріскенше күн жақсы
Сау – саламат болайық!

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Мамандық иелерін ажырата алуды;
Игереді: Сұраққа дұрыс жауап беруі, берген тапсырманы дұрыс орындауы;
Біледі: «Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап бере біледі. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі